Авторларға арналған ақпарат
Материалдарды жариялау Open Journal System (OJS) — қолжазбаларды онлайн жіберу және рецензиялау платформасы арқылы жүзеге асырылады.
Корреспондент автор міндетті түрде ілеспе хат ұсынуы тиіс.
Авторларға қойылатын талаптар (мақаланы рәсімдеу үшін ҮЛГІ-ні қолданыңыз):
Қолжазба түпнұсқалық сипатта болуы, бұрын жарияланбауы және басқа басылымдарда қарастырылмауы керек. Барлық материалдар мәтіндік ұқсастыққа тексеріледі. Рецензиялауға дәйексөздері дұрыс рәсімделген және түпнұсқалық деңгейі 80%-дан төмен емес жұмыстар жіберіледі.
Міндетті метадеректер
Әр мақала үшін міндетті:
- авторлар туралы мәліметтер (аты-жөні, аффилиациясы, елі, байланыс деректері);
- хат алмасуға жауапты авторды көрсету.
Негізгі мәтіннің тіліне қарамастан, барлық мақалалар үшін атауы, аңдатпасы және түйінді сөздері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы міндетті.
Аңдатпа құрылымы (міндетті бөлімдер)
Аңдатпа келесі элементтерді қамтуы тиіс:
- зерттеу тақырыбына кіріспе;
- зерттеудің мақсаты мен негізгі бағыттары;
- ғылыми және практикалық маңыздылығы;
- әдіснаманың қысқаша сипаттамасы;
- негізгі нәтижелер мен қорытындылар;
- зерттеудің ғылыми үлесі;
- практикалық мәні;
- 5-7 түйінді сөз (үш тілде).
Қабылданатын форматтар: .doc / .docx / .rtf
Бірінші беттің жоғарғы сол жақ бөлігінде ҒТАМА (МРНТИ) коды көрсетілуі тиіс. Рубрикатор: http://grnti.ru/.
Техникалық талаптар:
- қаріп — Times New Roman;
- кегль — 12 (аңдатпа, түйінді сөздер, әдебиеттер — 10; кесте мәтіні — 9–11);
- теңестіру — ені бойынша;
- жоларалық интервал — бір;
- абзацтық шегініс — 0,8 см;
- жиектер — барлық жағынан 2 см.
Суреттер мен кестелер мәтінде нөмірленіп, атауымен бірге беріледі (мысалы: Сурет 1 – … / Figure 1 – …; Кесте 1 – … / Table 1 –). Басқа дереккөздерден алынған материалдарға міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс.
Ұсынылатын мақала құрылымы
- Кіріспе
- Әдебиеттерге шолу
- Материалдар мен әдістер
- Нәтижелер және талқылау
- Қорытынды
- Әдебиеттер тізімі
- Авторлардың үлесі
- Авторлар туралы ақпарат
Әдебиеттер тізімі
Кемінде 30 дереккөз болуы тиіс, оның кемінде 50%-ы ағылшын тіліндегі жарияланымдардан тұруы қажет. Кириллицада жарияланған жұмыстар болған жағдайда, оларды қосымша романизацияланған (транслитерацияланған) нұсқада көрсету қажет.
Әдебиеттер тізімінде кириллицада ұсынылған жұмыстар болған жағдайда, әдебиеттер тізімін романизацияланған алфавитпен (транслитерация).
Романизацияланған әдебиеттер тізімі келесі түрде қойылуы қажет: автор(-лар) (транслитерация) http://www.translit.ru →(жыл жақшада)→мақала атауы транслитерацияланған нұсқада [мақала атауын ағылшын тіліне квадрат жақшада аудару], орыс тілді дереккөздің атауы (транслитерация немесе ағылшын атауы – егер бар болса), шығу туралы деректер ағылшын тіліндегі белгілеуде.
Мысалы: Gokhberg L., Kuznetsova T. (2011). Strategiya-2020: novye kontury rossiiskoi innovatsionnoi politiki [Strategy 2020: New Outlines of Innovation Policy]. Foresight-Russia, 5(4), 8–30.
Әдебиеттер алфавиттік тәртіппен рәсімделеді және тек мәтінде келтірілген дереккөздер енгізіледі.
Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар үшін әдебиеттердің, сондай-ақ ағылшын (басқа шет) тіліндегі дереккөздердің романизацияланған тізімін рәсімдеу стилі - American Psychological Association (http://www.apastyle.org/).
Мәтінде дәйексөздер жақша ішінде автордың тегі, жарияланған жылы және бет нөмірі көрсетіле отырып рәсімделеді: (Залесский, 1991: 25). Егер бір автордың бір жылда жарияланған бірнеше еңбегі пайдаланылса, жылға қосымша әріптік белгі қойылады: (Садуова, 2001а), (Садуова, 2001б).
Ұсыныс:
- іргелі және өзекті шетелдік зерттеулерге сілтеме жасау;
- шамадан тыс өзіндік дәйексөзден аулақ болу;
- тек ТМД елдері жарияланымдарымен шектелмеу.
Жариялау жарнасы
Бір мақала үшін жариялау құны — 60 000 теңге.
Төлем мақала жариялауға қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады және редакциялық шешімге әсер етпейді. Төлем түбіртегі (PDF немесе JPEG) редакцияның электрондық поштасына жіберіледі.
Реквизиттер
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ
050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71
БИН 990140001154
КБЕ 16
АО «Қазақстан Халық Банкі»
ИИК KZ96018861000945341 (теңге)
БИК HSBKKZKX









