Жасөспірім шақтағы әлеуметтік мазасыздық пен эмоционалды дезадаптация

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v78.i3.05
        190 172

Аннотация

Әлеуметтік мазасыздық жасөспірімнің өмірінің барлық салаларында көрініс табады. Баланың көңіл-күйінің төмендеуі, отбасымен эмоционалды қатынастың бұзылуы және достарымен қарым- қатынасының нашарлауы, сабақ үлгерімінің төмендеуі секілді теріс белгілер, айқын эмоционалды дезадаптацияның барын аңғартады.  Мақалада  жасөспірімдердегі  әлеуметтік  мазасыздық пен эмоционалды дезадаптация арасындағы байланысты зерттеудің заманауи тәсілдері мен теориялары сипатталған. Әлеуметтік мазасыздық пен эмоционалды дезадаптация арасындағы байланысты анықтау мақсатында «Әлеуметтік оқшаулану және дистресс шкаласы» (Social avoid- ance and distress scale, SADS, Watson D., Friend R., 1969; валидизация-Краснова, 2013), «Теріс бағалау қорқынышының қысқа шкаласы» (Fear of Negative Evaluation, FNE, Watson D., Friend R., 1969) және М. Ковактың «Балалардағы депрессияны анықтауға арналған сауалнамасы» (М. Ko- vacs, 1992, валидизация – Воликова, Калина, Холмогорова, 2011) сауалнамалары 56 таңдамаға жүргізіліп, оның 6%-ында жоғары әлеуметтік мазасыздық деңгейі анықталды. 8-9 сынып оқушыларында әлеуметтік мазасыздықтың деңгейі 6-7 сыныпқа қарағанда жоғары екендігі тұжырымдалды. Әлеуметтік мазасыздықтың жалпы көрсеткіші (әлеуметтік оқшаулану және әлеуметтік дистресс) мен суицидтік ойлар (М. Ковактың «Балалардағы депрессияны анықтауға арналған сауалнамасы», Е шкаласы) арасында байланыс бар екендігі анықталды. Яғни, біздің болжамға сай, әлеуметтік мазасыздық деңгейі жоғарылаған сайын жасөспірімде суицидтік ойлар, депрессияның симптомдары мен эмоционалды дезадаптация белгілері айқын көрінеді.

Түйін сөздер: әлеуметтік мазасыздық, эмоционалды дезадаптация, жасөспірім, әлеуметтік фобия, әлеуметтік оқшаулану.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-10-28

Как цитировать

Mazitova, D. E., Esentaeva, B. E., Duisenbay, G., & Murzagulova, M. D. (2021). Жасөспірім шақтағы әлеуметтік мазасыздық пен эмоционалды дезадаптация. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 78(3), 56–65. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v78.i3.05