Әйелдердің дене бейнесімен қанағаттанушылығы: жас және өзін-өзі бағалаумен қарым-қатынас

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v77.i2.04

Аннотация

Мақалада қазақстандық үлгінің материалына сүйене отырып, әйелдердің өз денесінің бейнесіне қанағаттануға жас және өзін-өзі бағалау әсерін зерттеу нәтижелері қарастырылған. Қазіргі уақыттың ерекшелігі – адамды бағалаудағы көрнекі фактордың маңыздылығы, әсіресе бұл әйелдерге қатысты. Байланыстың әр түрлі арналарының алға тартуы, олардың насихаттайтын сыртқы келбет стандарттары жылдан-жылға қатал болып бара жатыр. Барлық осы өзгерістермен қатар олардың ықпалына көнетін әйелдер саны өсуде. Дене бейнесіне наразы әйелдермен жұмыс істеу үшін мұндай мінез-құлықты не анықтайтынын түсіну қажет. Әйелдердің денелеріне қанағаттану тақырыбы бойынша сауалнама нәтижелерінің бір бөлігі келтірілген, жас және өзін- өзі бағалаудың детерминанттары талданды. Т. Кэштың MBSRQ, BISS, SIBID, O.A. Скугаревский – С.В. Сивуханың ООСТ және Т.В. Дембо – С.Я. Рубинштейннің МДС методикалары қолданылған. Сауалнамаға 16-62 жас аралығындағы 82 әйел қатысты. Дене бейнесімен қанағаттану мен өзін- өзі бағалау арасында статистикалық тұрғыдан маңызды байланыс табылды. Дене бейнесінің қанағаттануына әйелдің жасы, отбасылық жағдайы немесе балалардың болуы немесе болмауы әсер етпейді. Жүргізілген зерттеулер кез келген жастағы әйелдің өміріндегі сыртқы келбетінің маңыздылығы туралы жалпы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Өзіне және сыртқы келбетіне деген қатынасы бар әйелдерге психологиялық көмек көрсету аясында мүмкін болатын жұмыс бағыттарының бірі – позитивті дене имиджін құру.

Түйін сөздер: дене бейнесі, қанағаттанушылық, өзін-өзі бағалау, сырт келбет, жас, әйелдер.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-07-09