Қазіргі тұлғаның əлеуметтену ерекшеліктері

Авторлар

  • G. O. Abdikerova Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • M. K. Shnarbekova Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
        70 35

Кілттік сөздер:

əлеуметтік өзгерістер, тұлға əлеуметтенуі, əлеуметтену агенттері, əлеуметтік факторлар, əлеуметтік рөл, əлеуметтену үрдісінің механизмдері.

Аннотация

Қазақстан қоғамының барлық салаларындағы прогрессивтік əлеуметтік өзгерістер басқа да факторлар-мен қатар, модернизация ұғымымен байланысты. Модернизация Қазақстанды социумды басқарудың командалық-əкімшілік əдістерінен барлық өркениетті елдерде қолданылып отырған индустриалды-инновациялық əдістерге бағыттау мақсатын көздейтін түбегейлі саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени өзгерістер жүргізумен байланысты. Жаңарудың басты ерекшелігі – мемлекеттің ұлттық мүддесіне негізделген өзіндік стратегиясы мен тактикасының болуы.

Қазіргі тұлғаға қоғам тарапынан ұлттық мақсаттарға сапалық жағынан сай келетін қабілеттіліктер мен дағдыларды қалыптастыру секілді үлкен міндет жүктелген. Тұлғаның дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Қоғамның жаңа өркениетті сатыға көтерілуі өз кезегінде тұлғада жалпыадамзаттық, гуманистік үлгілерге сəйкес сапалық қасиеттердің қалыптасуын əкеледі. Тұлғаның дамуындағы басты тенденция оның əлеуметтік құбылыстардың объектісінен субъектісіне айналуы. Қоғамның инновациялық мүмкіншіліктерін ескере отырып, тұлғаны дамытуда ұлттық құндылықтардың да рөлін атап өту керек. Мақалада бірқатар əлеуметтанушылардың көзқарастары мен теориялары талданған.

Библиографиялық сілтемелер

1. Немировский В.Г., Невирко Д.Д., Гришев С.В. Социология: классические подходы к анализу социальной реальности. – М., 2003. – 555 с.
2. Дюркгейм Э. Социология и теория познания // новые идеи в социологии. – Спб., 1914. – С. 38
3. Кудрявцова В.Н., Казимирчук В.П. современная социология права. – М.: Юрист, 1995. – 300 с.
4. Садырова М.С. Индикаторы профессиональной адаптации // Глобализация и вопросы социологической адаптации. Материалы II конгресса социологов Казахстана, Астана, 8 июля 2005. – Астана, 2005. Ч.1. – С. 226.
5. Linda L. Lindsey, Stephen Beach. Sociology: social life and social issues. - Prentice Hall, Upper Saddle River, New Jersey 07458. – 2000. – 733 p.

1. Nemirovskiy V.G., Nevirko D.D., Grishev S.V. Sotsiologiya: klassicheskie podhody k analizu sotcial`noi real`nosti. – M., 2003. – 555 s.
2. Duyrkgeim E. Sotciologiya i teoriya poznaniya// Novye idei v sotsiologii. – SPb., 1914. – S.38.
3. Kudryatsova V.N., Kazimirchuk V.P. Sovremennay sotsiologiya prava. – M. Yurist, 1995. – 300 s.
4. Sadyrova M.S. Indikatory professional`noy adaptatsii// Globalizatsiya i voprosy sotsiokul`noi adaptatsii: Materialy II kongressa sotsi-ologov Kazahstana, Astana, 8 iyulia 2005 g., – Astana, 2005. – Ch. 1. – S.226.
5. Linda L. Lindsey, Stephen Beach. Sociology: social life and social issues. - Prentice Hall, Upper Saddle River, New Jersey 07458. – 2000.– 733 p.

Жүктелулер

Как цитировать

Abdikerova, G. O., & Shnarbekova, M. K. (2013). Қазіргі тұлғаның əлеуметтену ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 44(1). вилучено із https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/433