Қазіргі қоғамдағы өмір сапасы мәселесі: әдістемелік бағыт

Авторлар

  • M. K. Shnarbekova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Казақстан, Алматы қ.
  • A. S. Aydarbekova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Казақстан, Алматы қ.
        40 67

Кілттік сөздер:

өмір сапасы, әлеуметтік индикаторлар, инфляция, өмір деңгейі, әлеуметтік әл-ауқат, әлеуметтік құндылықтар.

Аннотация

 Мақалада «өмір сапасы» терминінің әлеуметтануда қалыптасуы батыс елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының қарама-қайшылықтары қарастырылады. Өмір деңгейінің жоғарылау фонында (табыс, тұтыну) экономикалық жағынан бай мемлекеттерде жұмыссыздық, қылмыс пен терроризмнің көбеюі, қоршаған орта ластануы, инфляция, әлеуметтік қысым және т.б. әлеуметтік мәселелер шешімін тапқан жоқ. Қазіргі кезде өмір сапасы идеясы – әлеуметтік саясат контексінде ең көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады, себебі қоғам мүшелерінің барлығына  социум өміріне қатысуға  тең мүмкіншіліктер мен  шарттар жасау  барлық  даму шы елдерге тән алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі болып табылады. Экономикалық дағдарыс шарттарында өмір сапасын жоғарылату мәселелері стратегиялық мән мен өзектілікке ие, сонымен қатар мемлекеттік және муниципалдық  басқарудың  стратегиялық  мақсатына айналды.

Өмір сапасының көрсеткіштері халықтың өмір шарттарын бағалауға жеткіліксіз болғандықтан, экономикалық жоғарылау мен әлеуметтік дамуды, ғылыми-техникалық даму мен экономиканы, әл-ауқаттың материалдық және материалдық емес көрсеткіштерін сипаттайтын бір ортақ категорияға қажеттілік туындайды. Материалдық қамтамасыз  етілу  шарттарында  адамзат  әл-ауқатының  күйін,  өмір  деңгейінің  жоғарылауының әлеуметтік «бағасын», адамзат дамуының сапалық көрсеткіштерін (қоғамдық және жеке қажеттіліктер, құндылықтар жүйесін және т.б) айқындау қажеттілігі туындайды.

Басқаша айтқанда, қоғам дамуын тек сандық, экономикалық көрсеткіштер арқылы бағалау емес, сонымен бірге, әлеуметтік индикаторлар негізінде бағалау қажеттілігі туындайды. Осындай индикаторларды қамтитын күрделі  әлеуметтанулық категория  өмір сапасы болып табылады.

 

Библиографиялық сілтемелер

1. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіншіліктері» 29 қаңтар 2010 жыл
2. Социальная политика, уровень и качество жизни: Слов. С.69; Социальная политика: Толков, слов. С.177; Курс экономи- ки: Учебник / Под ред. Б.А. Райзбсрга. – С.601
3. Тинберген Я. Пересмотр международного порядка. – М., 1980. – С.96-97
4. «Социальное прогнозирование. Курс лекций»: Педагогическое общество России; Москва, 2002. – 218 с.
5. Аитов Н.А. Отношения по расселению. Свердловск, Изд-во Уральского университета, 1987. – С.81.
6. Веблен Т. Теория праздного класса. – М., 1984.

1. Elbasi N.A.Nazarbaevtyn Kazakstan halkyna joldayi: «Jana onjildik – jana ekonomikalyk orleu, Kazakstannyn jana mumkinwilikteri» 29 kantar 2010 jyl.
2. Socialnaya рolitika, uroven i kashestvo jizni: Kurs economiki: Uchebnik / Рod red. B.А. Raisbgerg. S.601.
3. Tinbergen YA. Рeresmotr mejdunarodnogo рoryadka. – М., 1980. – S.96-97.
4. «Socialnoe рrognozirovanie. Kurs leksii»: Рedagogicheskoe obshestvo; 2002. – 218 s.
5. Аitov N.А. Оtnosheniya рo rasseleniy. Sverdlovsk, Uralski universitet, 1987. – S.81.
6. Veblen Т. Teoriya рrazdnogo klassa. – М., 1984.

Жүктелулер

Жарияланды

2013-11-05

Как цитировать

Shnarbekova, M. K., & Aydarbekova, A. S. (2013). Қазіргі қоғамдағы өмір сапасы мәселесі: әдістемелік бағыт. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 47(4). вилучено із https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/329