Мұғалімдердің коммуникациялық құзіреттілігі мен стреске тұрақтылығы: корреляциялық талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS20269616Аннотация
Кәсіби жүктеменің және эмоциялық қысымның артуы жағдайында педагогикалық іс-әрекет мұғалімдерден жоғары деңгейдегі стреске тұрақтылық пен коммуникациялық құзыреттілікті талап етеді.Осы зерттеудің мақсаты – эмоциялық, әлеуметтік мен коммуникациялық факторлар арасындағы өзара байланыстарға көңіл аудара отырып, мұғалімдердің коммуникациялық құзыреттілігі мен стреске тұрақтылығына әсерін психологиялық және қорреляциялық талдау арқылы анықтау.
Зерттеуге Алматы және Алматы облысының білім беру мекемелерінен 353 мұғалім қатысты. Сонымен бірге, зерттеу барысында стандартталған, модификалияланған психологиялық әдістер қолданылды, соның ішінде Tromsø әлеуметтік интеллект шкаласы (TSIS), Н. Холлдың эмоциялық интеллект тесті, коммуникациялық әлеуметтік құзыреттілікті бағалау әдістемесі (CSC) және тұлғаралық коммуникациядағы мотивациялық бағдарларды диагностикалау әдістемесі (И.Д. Ладанов, В.А. Уразаева), ал статистикалық өңдеу Pearson корреляциялық талдауы арқылы IBM SPSS Statistics v23 бағдарламасында жүргізілді.
Нәтижелер мұғалімдердің эмоциялық және әлеуметтік интеллектісі, коммуникациялық құзыреттілігі, сонымен бірге тұлғааралық мотивацияға бағдарлану арасында статистикалық маңызды корреляцияларды көрсетті, ең күшті корреляциялар эмоциялық интеллект пен эмпатия арасында (r = 0,589) және коммуникациялық құзыреттілік пен тұлғааралық мотивациялық бағдар арасында (r = 0,407) анықталды, бұл олардың стреске тұрақтылығына әсерін растайды.Бұл зерттеу педагогикалық психологияға үлес қосып, эмоциялық интеллект, коммуникациялық және әлеуметтік құзыреттілік факторлар мұғалімдердің стреске тұрақтылығын қалыптастыруға өзара байланыстарын ашып көрсетеді, әрі кәсіби бейімделудің психологиялық механизмдері туралы жаңа түсініктер ұсынады.
Практикалық маңызы – алынған нәтижелерді мұғалімдерге арналаған алдын-алу, түзету-дамыту бағдарламаларын даярлауда қолдану мүмкіндігінде, олардың эмоциялық жетілуін, коммуникациялық икемділігін және стреске тұрақтылығын арттыруға бағытталған, бұл білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында өзекті болып табылады.
Түйін сөздер: коммуникациялық құзыреттілік, эмоциялық және әлеуметтік интеллект, стреске тұрақтылығы, мұғалімдер, психологиялық тұрақтылық, кәсіби күйзеліс.









