Болашақ педагог-психологтардың тұлғалық-кәсіби өзін-өзі дамытуының предикторы ретіндегі психологиялық қабілеттер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS20269612

Аннотация

Мақалада қазіргі білім беру жүйесінің трансформациясы жағдайында болашақ педагог-психологтердің тұлғалық-кәсіби өзін-өзі дамытуының предикторы ретінде психологиялық қабілеттер мәселесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі көмектесуші мамандық өкілдеріне қойылатын психологиялық белсенділікке, субъектілікке және ішкі ресурстарға қатысты талаптардың артуымен негізделеді. Зерттеудің мақсаты – психологиялық қабілеттердің болашақ педагог-психологтердің тұлғалық-кәсіби өзін-өзі дамытуының маңызды негізі ретінде көрінетінін теориялық тұрғыдан негіздеу және эксперименттік жолмен тексеру. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы «психологиялық қабілет» ұғымының мазм нын нақтылаумен және оның тұлғалық әрі кәсіби маңызды сапаларды біріктіретін интегративті құрылым ретіндегі компоненттік құрылымын негіздеумен айқындалады. Практикалық маңыздылығы алынған нәтижелерді білім беру ортасында, педагог-психологтерді кәсіби даярлау үдерісінде, сондай-ақ студенттердің өзін-өзі дамытуы мен психологиялық белсенділігін дамыту бағдарламаларын әзірлеуде қолдану мүмкіндігімен байланысты.

Зерттеудің әдіснамалық негізін философиялық, психологиялық және педагогикалық дереккөздерді теориялық талдау, сондай-ақ В.И. Андреевтің «Өзін-өзі дамыту қабілетін бағалау» әдістемесін қолдану арқылы жүргізілген эмпирикалық зерттеу құрады. Экспериментке 361 студент (болашақ педагог-психологтер және басқа білім беру бағдарламаларында оқитын студенттер) қатысты. Деректерді өңдеуде сипаттамалық статистика әдістері және тәуелсіз іріктемелерге арналған Стьюденттің t-критерийі қолданылды. Зерттеу нәтижелері болашақ педагог-психологтердегі өзін-өзі дамыту қабілетінің орташа көрсеткіші орташадан төмен деңгейге сәйкес келетінін (M₁ = 39,74), ал басқа білім беру бағдарламалары студенттерінде орташа деңгейге сәйкес екенін (M₂ = 40,12) көрсетті. Топтар арасындағы айырмашылық статистикалық тұрғыдан мәнді емес (p > 0,05). Екі топта да өзін-өзі дамыту қабілеті деңгейлерінің үлестірімі негізінен орташа көрсеткіштер шегінде шоғырланғаны анықталды. Зерттеу нәтижелері қабілеттерді талдаудың когнитивтік, әлеуметтік және өмірлік ресурстарды біріктіретін интегративті тәсілін дамытуға үлес қосады. Қорытындылар білім беру бағдарламаларын жобалауда, студенттердің психологиялық белсенділігін және өзін-өзі дамытуын қолдауға бағытталған модельдерді әзірлеуде, сондай-ақ кәсіби реабилитация және салыстырмалы зерттеулерде қолданылуы мүмкін.

Түйін сөздер: дағдылар, интеллект, кәсіби сапалар, қабілеттер, өзін-өзі дамыту, психологиялық қабілеттер, тұлғалық сапалар.

 

Авторлардың биографиясы

А. Жолдыбекова, Alikhan Bokeikhan University, Семей, Қазақстан

8D01101 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты, Alikhan Bokeikhan University, Семей, Қазақстан, e-mail: asema.kalieva.86@mail.ru

Г. Аюпова, Alikhan Bokeikhan University, Семей, Қазақстан

(корреспондент-автор) – РhD, педагогика және психология кафедрасының доценті, Alikhan Bokeikhan University, Семей, Қазақстан,  e- mail: gulbarshin63@mail.ru

Т. Есимгалиева, Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы, Қазақстан

дене шынықтыру және спорттың теориялық негіздері кафедрасының қауымдастырылған профессорының міндетін атқарушы, Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы, Қазақстан, e-mail: tlekshi_86@mail.ru

Г. Южель, Гази университеті, Анкара, Түркия

социология ғылымдарының докторы, Гази университетінің профессоры, Анкара, Түркия, e-mail: ygelisli@gmail.com

Как цитировать

Жолдыбекова, А. ., Аюпова G. ., Есимгалиева, Т., Садыкова, М. ., & Южель G. . (2026). Болашақ педагог-психологтардың тұлғалық-кәсіби өзін-өзі дамытуының предикторы ретіндегі психологиялық қабілеттер. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 96(1). https://doi.org/10.26577/JPsS20269612