Қарт адамдардың өмір сапасына белсенді ұзақ өмір сүру концепциясының әсері (Алматы қаласы мысалында): сапалық зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS202696111

Аннотация

Халықтың қартаюы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі әсер ететін жаһандық демографиялық үрдіс болып табылады. Зерттеудің мақсаты – «белсенді ұзақ өмір сүру тұжырымдамасының» қарт адамдардың өмір сапасына әсерін анықтау. Қарт адамдардың белсенді қартаюына және өмір сапасына әсер ететін факторларды түсіну денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету салаларында тиімді стратегиялар мен жобаларды әзірлеу үшін маңызды.

Зерттеуге Алматы қаласындағы «Белсенді ұзақ өмір» орталығының қызметтерін пайдаланатын қарт адамдар қатысты. Зерттеудің эмпирикалық бөлігі тереңдетілген сұхбат әдісі арқылы жүзеге асырылды. Сұхбатқа жасы 58–75 аралығындағы 10 респондент қатысты. Алынған деректер кодталып, сапалық деректерді талдауға арналған арнайы MAXQDA бағдарламасының көмегімен өңделді.

Зерттеу нәтижелері қарт адамдардың өмір сапасына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік берді: экономикалық жағдайлар, физикалық және психикалық денсаулықтың күйі, сондай-ақ әлеуметтік байланыстар деңгейі. Деректерді талдау нәтижесінде респонденттердің негізгі табыс көзі зейнетақы және балалар тарапынан көрсетілетін қаржылық қолдау екені анықталды. Зейнетке шыққаннан кейін жиі кездесетін мәселелердің қатарында денсаулықтың нашарлауы, қаржылық шектеулер, жалғыздық сезімі және әлеуметтік байланыстардың әлсіреуі атап өтілді. Зерттеу нәтижелері ауылдық жерлердің ерекшеліктеріне бейімделген осындай орталықтарды ашу қажеттілігін де көрсетті. Зерттеудің практикалық маңызы алынған нәтижелерді қарт адамдардың белсенді әрі сапалы ұзақ өмір сүруіне бағытталған әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуде қолдану мүмкіндігімен байланысты. Зерттеу нәтижелері белсенді ұзақ өмір сүру саясатының қаржылық, білім беру, ұйымдастырушылық және ақпараттық құралдарын жетілдіруге, сондай-ақ қарт адамдардың өмір сапасы мен әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: қарт адамдар, халықтың қартаюы, өмір сапасы, белсенді ұзақ өмір сүру, әлеуметтік саясат.

Авторлардың биографиясы

А. Сарсенова, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы, Қазақстан

PhD, Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Алматы,  Қазақстан, e-mail: assel.sarsenova@inbox.ru

А. Омарова

(корреспондент-автор) –  PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, жалпы білім беру пәндер  кафедрасының аға оқытушысы, Алматы, Қазақстан, e-mail: omarova.asem@mail.ru

И. Первова, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург, Ресей

әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, Санкт-Петербург мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург, Ресей, e-mail: pervovai@mail.ru

Как цитировать

Сарсенова, А. ., Омарова, А. ., & Первова I. . (2026). Қарт адамдардың өмір сапасына белсенді ұзақ өмір сүру концепциясының әсері (Алматы қаласы мысалында): сапалық зерттеу . ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 96(1). https://doi.org/10.26577/JPsS202696111