Қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму қажеттіліктерінің түрлі аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS20269619Аннотация
Мақалада Қазақстан Республикасында мұғалімдердің білім беру саласын жаңғырту жағдайында кәсіби дамуының түрлі аспектілері қарастырылады. Білім беру стандарттарының өзгеруін, цифрлық технологияларды енгізу, оқытудың және мұғалімнің кәсіби құзіреттілік талаптарын қосқандағы мұғалімдердің кәсіби білігін арттыру сұраныстарын құруға әсер ететін факторларға ерекше назар аударылады. Зерттеудің мақсаты білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында мұғалімдердің білігін көтеру сұраныстарын анықтайтын басымдықты бағыттар мен факторларды айқындау мен Қазақстанда жүргізіліп жатқан мектеп реформасының күн тәртібіндегі шешуші тетік болып табылатын мұғалімдердің кәсіби дамуы (PD) болып отыр. Дегенмен мұғалімдер күшейткісі келетін нақты салалар туралы жергілікті ауқымда жасалған зерттеулер аз. Бұл зерттеуде орта білім беретін мектептердегі мұғалімдердің өзін-өзі есептейтін PD қажеттіліктерін зерделейді және олардың жынысына, жасына, тәжірибесіне, біліктілік деңгейіне және оқыту тіліне байланысты қалай өзгеретінін зерттеу ғылыми-тәжірибелік маңызға ие. Зерттеу әдістемесі ретінде TALIS-2018 халықаралық сауалнамасының қазақстандық ұстаздардың (N=6566) жауаптарын пайдаланып, байланыс кестелеріне талдау жасалып, орташа мәндердің салыстыруы, факторлық талдау және анықталған факторлардың рейтингтік талдаулар қолданылды.
Зерттеу нәтижесі мұғалімдердің кәсіби дамуын ұйымдастыруға теңестірілген және тәжірибеге бағытталған қажеттіліктерін ескереді, оларға мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау кезінде жынысы, жасы, еңбек өтілі, білім деңгейі және тілдік ерекшеліктері сияқты әлеуметтік-демографиялық айырмашылықтарды ескеру қажет, өйткені бұл әртүрлі мұқтаждықтарды қанағаттандыру мен адами капиталды тиімді дамыту үшін сараланған тәсілді талап етеді. Зерттеу нәтижелері педагогикалық мамандардың кәсіби білігін көтерудегі бағдарламаларды әзірлеу мен жетілдіруде қолданылуы мүмкін.
Түйін сөздер: мұғалімдер, кәсіби даму, кәсіби дамуға қажеттіліктері, мұғалімдерді даярлау, әлеуметтік-демографиялық факторлар, TALIS.









