Балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықты болжау және алдын алу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS202593205Аннотация
Бұл ғылыми зерттеу балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық мәселесіне арналған. Зерттеудің мақсаты – отбасындағы және білім беру мекемелеріндегі зорлықтың таралуын анықтау және оған әсер ететін психологиялық және әлеуметтік факторларды зерттеу. Зерттеуде Т. В. Логинова әзірлеген арнайы сауалнама қолданылды. Сауалнамаға 13–17 жас аралығындағы 94 жасөспірім жасырын түрде қатысты. Мәліметтер IBM SPSS Statistics 26 бағдарламасы арқылы өңделді, Пирсонның хи-квадрат критерийі, Фишердің дәл тесті, Фи және Крамердің V коэффициенттері қолданылды. Зерттеу нәтижелері отбасылық қарым-қатынас пен агрессивті мінез-құлық арасында мағыналы байланыс бар екенін көрсетті. Сондай-ақ, білім деңгейі, әлеуметтік жағдайы және эмоционалды жай-күйі ескерілді. Зерттеу сандық және сапалық әдістерді ұштастырады. Теориялық маңыздылығы – жасөспірімдердің мінез-құлқына отбасы мен мектептің әсер ету механизмдерін түсіндіру. Практикалық маңыздылығы алынған деренктерді білім беру және әлеуметтік салаларда зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін қолдану болып табылады.
Түйін сөздер: зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар, жасөспірімдер, эмоционалды күй, агрессивті мінез-құлық.