Сиблингтердің өзара қатынастарын пилотажды зерттеу нәтижелері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS202593204
        38 35

Аннотация

Зерттеу мәселесінің өзектілігі қазақстандық психологияда аз зерттелінгендігімен шарттанған. Бұл зерттеудің мақсаты сиблингтердің өзара қатынастарын зерттеу үшін таңдалған аралас әдістердің тиімділігін дәлелдеу болып табылады, себебі осыған дейінгі сиблингтік қатынастарды зерттеулерде негізінен бланкілік әдістемелер қолданылған. Зерттеудің ғылыми және практикалық тұрғыдан маңыздылығы, кибернометр аппаратының көмегімен эксперимент жүргізілгендігінде, және ол валидті әдістемелермен толықтырылды. Жұмыста ересек сиблингтердің қарым-қатынастарына олардың арасындағы жастық айырмашылықтар, жыныстары, бірлескен іс-әрекеттің болмауы әсер етуі мүмкін, деген болжам тексерілді. Зерттеуге 14 пен 50 жас аралығындағы 18 зерттелуші (9 жұп) қатысты. Зерттеудің бірінші кезеңінде барлық зерттелушілер өз сиблингтерімен бірге кибернометрді қолдана отырып жүргізілген экспериментке қатысты, ал екінші кезеңде барлық сиблингтер арнайы дайындалған сұрақтамалар батареясына жауап берді. Эксперимент барысында анықталған сиблингтік қарым-қатынастардағы эмпатия, бір-біріне деген сенімділік сияқты ерекшеліктер сұрақтамалар нәтижесінде де анықталды. Зерттеудің құндылығы психологиялық зерттеулерде кибернометр аппаратының қолданылу аясын кеңейту болып табылады. Кибернометрде белгілі-бір нұсқаулар бойынша тапсырмаларды орындаған зерттелінуші сиблингтерден алынған деректер стандартталған зерттеу әдістемелерінің нәтижелерімен расталды. Сиблингтердің қарым-қатынастарына олардың арасындағы жастық айырмашылықтары мен сиблингтердің жынысы әсер ететіні дәлелденді. Жүргізілген пилотажды зерттеу сиблингтердің өзара қатынастарын зерттеу үшін таңдап алынған әдістердің дұрыстығын дәлелдеді, және оларды негізгі зерттеуде қолдануға болады.

Түйін сөздер: сиблинг, сиблингтік өзара қатынас, кибернометр, бірлескен іс-әрекет, үйлесімділік.

Авторлардың биографиясы

К. Муса, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алмaты, Қaзaқстaн

(корреспондент автор) –8D03107-Психология мамандығы бойынша 2-курс PhD докторанты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан, e-mail: kundyz2@mail.ru

М. Кабакова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алмaты, Қaзaқстaн

психология ғылымдарының кандидаты, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан, e-mail: pobedovna_70@mail.ru

В. Кудрявцев, Мәскеу психоанализ институты, Мәскеу, Ресей

психология ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу психоанализ институты, Мәскеу, Ресей, e-mail: vtkud@mail.ru

В. Белолы, Тәуелсіз зерттеуші, Хельсинки, Финляндия

тәуелсіз зерттеуші, әлеуметтік психолог, Хельсинки, Финляндия, e-mail: belolii@mail.ru

Н. Белолы, Тәуелсіз зерттеуші, Хельсинки, Финляндия

тәуелсіз зерттеуші, Хельсинки, Финляндия, e-mail: nadja.beloly@gmx.com

Жүктелулер

Как цитировать

Муса, К., Кабакова, М. ., Кудрявцев V., Белолы V., & Белолы N. . (2025). Сиблингтердің өзара қатынастарын пилотажды зерттеу нәтижелері. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 93(2), 37–51. https://doi.org/10.26577/JPsS202593204