Қазақстандық қалалардың қабылдаушы тұрғындарының ішкі мигранттарды қабылдауы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v91.i4.9
        33 15

Аннотация

Берілген мақаланың мақсаты болып қабылдаушы қалалық қоғам өкілдерінің ішкі мигранттарды қабылдауын анықтау және салыстырмалы талдау табылады. Зерттеу барысында үш қалада, атап айтқанда, Астана, Алматы және Шымкентте деректер жинау үшін фокус-топтар сериясы жүргізілді. Талқылауға арналған сұрақтар келесі тақырыптарға арналды: жергілікті тұрғындардың көзқарасындағы қала бейнесі; қалалық сәйкестік, ынтық болу сезімі және қала мәдениеті; ішкі көші-қонға және ішкі мигранттарға қатынас; ішкі мигранттармен өзара әрекеттесу тәжірибесі. Мақалада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын IRN AR09058370 «Ірі қалалардың жергілікті қауымдастығына ішкі мигранттардың әлеуметтік интеграциясы: әлеуметтік желілер, әлеуметтік капитал және қала кеңістігін дамыту» зерттеу жобасының кейбір нәтижелері берілген. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, үш қала тұрғындарының ішкі көші-қон процестері туралы түсінігі бар, оны табиғи құбылыс деп санайды. Қалаларда «біз» және «бөтен адамдар» деп бөліну бар, бұл қала тұрғындарын ішкі мигранттардан алшақтатады. Нәтижелер болашақта көші-қон мен қала саясатының белгілі бір шараларын болжау және қабылдау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Түйін сөздер: қала, ішкі мигранттар, қабылдау, қабылдаушы қоғам.

Автордың биографиясы

С. Cерікжанова, Нархоз университеті, Алматы, Қазақстан

қауымдастырылған профессор, Нархоз Университеті, Алматы, Қазақстан, e-mail: sabira.serikzhanova@gmail.com

Жүктелулер

Как цитировать

Cерікжанова S. . (2024). Қазақстандық қалалардың қабылдаушы тұрғындарының ішкі мигранттарды қабылдауы . ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 91(4), 104–109. https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v91.i4.9