Қазақстандағы эпидемиологиялық ауысудың аяқталмауы: өмір сүру ұзақтығы және өлім-жітім себептері құрылымындағы өзгерістер
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS202592106Аннотация
Бұл мақалада Қазақстандағы эпидемиологиялық ауысу кезеңіне талдау жасалып, әлеуметтік-экономикалық және демографиялық факторлар негізінде халықтың өлім-жітім құрылымы мен өмір сүру ұзақтығындағы өзгерістерге зерттеу жүргізілген. Мақаланың мақсаты 1991 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңдегі Қазақстан халқының өлім-жітім динамикасын, негізгі себептер бойынша жас және стандартталған өлім-жітім коэффициенттерін, сондай-ақ өмір сүру ұзақтығындағы өзгерістерді талдау. Автор Қазақстанның эпидемиологиялық өтпелі кезеңінің қай кезеңінде тұрғанын анықтау және қазіргі жағдайға әсер ететін негізгі факторларды анықтау міндетін қойды. Бұл тақырып елдегі экономикалық және әлеуметтік өзгерістер жағдайында өлім-жітім динамикасын және халық денсаулығын түсіну үшін маңызды.
Зерттеудің ғылыми маңыздылығы статистикалық демографиялық талдау әдістерін пайдалана отырып, Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды терең талдауда. Бұл өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығының өзгеруін жүйелеуге ғана емес, сонымен бірге осы өзгерістердің тетіктерін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және демографиялық факторлардың әсерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Зерттеу әдістемесі өлімнің ресми статистикасының салыстырмалы талдауын, жас ерекшелік және стандартталған коэффициенттерді қолдануды, сондай-ақ өлім-жітім кестелерін есептеуді қамтиды. Неғұрлым егжей-тегжейлі талдау үшін негізгі себептер бойынша өмір сүру ұзақтығы мен өлім-жітімнің өзгеруінің себеп-салдарлық байланыстарын анықтауға мүмкіндік беретін декомпозиция әдісі қолданылды.
2010 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңдегі өлім-жітім көрсеткіштерінің декомпозициясы Қазақстанда өмір сүру ұзақтығының өзгеруіне әсер ететін ең маңызды факторлар қан айналым жүйесі аурулары, сыртқы себептер және қатерлі ісіктен екенін көрсетті.
Зерттеудің негізгі нәтижелері Қазақстанда өлім-жітім аяқталмаған эпидемиологиялық ауысудың тұрақты сипаттамаларын сақтайтынын көрсетті. Өлім-жітімнің құрылымында қан айналымы жүйесінің аурулары басым. Сондай-ақ ерлер арасында шамадан тыс өлім-жітім деңгейі байқалады.
Мақаланың практикалық маңыздылығы денсаулық сақтау жүйесін және әлеуметтік саясатты жетілдіруге, өлім-жітімді азайтуға және өмір сүру ұзақтығын арттыруға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу мақсатныда зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді пайдалану.
Түйін сөздер: эпидемиологиялық ауысу, себептер бойынша өлім-жітім, өлім-жітімнің жас және стандартталған коэффициенттері, туғандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығы.