МИЫНДА ІСІГІ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ КОГНИТИВТІ ФУНКЦИЯЛАРЫН БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v90.i3.03
        90 60

Аннотация

Өмір сапасының күрт төмендеуіне және өлім-жітімнің өсуіне әкелетін ми ісіктері әлемдегі ең көп таралған аурулардың біріне айналуда. Ми ісігі бар науқастарды ерте диагностикалауда, операция алдындағы дайындықта және операциядан кейінгі оңалтуда заманауи тәсілдерді біріктірумен қатар, когнитивті функциялардағы индивидуалды айырмашылықтарды анықтау ми ісіктерін емдеуге айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Ғылыми әдебиеттерді талдау индивидуалды айырмашылықтар мен жеке тұлғаның профилі операциядан кейінгі оңалтудағы когнитивті функциялардың сақталуына әсер ететіндігін анықтады. Құрылымдық, функционалдық, мінез-құлық, психофизиологиялық деңгейлерде ми ісіктерін зерттеудің әртүрлі әдістемелік тәсілдерімен қатар біз миында ісіктері бар науқастарда когнитивті функциялар мен әл-ауқаттың психометриялық өлшемдерін қолдандық.

Зерттеудің эмпирикалық бөлімінде орыс және қазақ тілдеріндегі психометриялық тесттердің сенімділік параметрлері талданды. Эмоциялық әл-ауқат пен когнитивті функциялардың параметрлері арасында байланыс табылды: эмоциялық әл-ауқат неғұрлым жоғары болса, ойлау мен түсінуде болатын проблемалар соғұрлым төмен болады.

Нәтижелер миында ісіктері бар науқастарды операциядан кейінгі оңалтуды жақсырақ жоспарлау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Түйін сөздер: ми ісіктері, ЭЭГ, тұлғаның ерекшеліктері, диагностикалық тесттер.

Авторлардың биографисы

А. Камзанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ми Институтының постдокторанты, Алматы, Қазақстан, e-mail: kamzanova.altyngul@kaznu.kz

М. Жолдасова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ми Институтының ғылыми қызметкері, Алматы, Қазақстан, e-mail: manzur777@gmail.com

А. Тастанбекова, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Астана, Қазақстан

Ұлттық нейрохирургия орталығының психологы, Астана, Қазақстан, e-mail: aina1272@mail.ru

Д. Бердибаева, Ұлттық нейрохирургия орталығы, Астана, Қазақстан

Ұлттық нейрохирургия орталығының бас ми нейрохирургиясы бөлімінің невропатологы, Астана, Қазақстан, e-mail: dinara.berdibayeva@ncn.kz

А. Кустубаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

(корреспондент-автор) – биология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ми Институтының директоры, Алматы, Қазақстан, e-mail: almkust@gmail.com

Жүктелулер

Как цитировать

Камзанова, А. ., Жолдасова, М. ., Тастанбекова, А. ., Бердибаева D. ., & Кустубаева, А. . (2024). МИЫНДА ІСІГІ БАР НАУҚАСТАРДЫҢ КОГНИТИВТІ ФУНКЦИЯЛАРЫН БАҒАЛАУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 90(3), 30–37. https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v90.i3.03