КИБЕРБУЛЛИНГ ФЕНОМЕНІ: ӘДЕБИЕТКЕ КЕШЕНДІ ШОЛУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v89.i2.03Аннотация
Бұл мақаланың шолуы қазіргі цифрлық әлемдегі кибербуллингтің көп қырлы құбылысын зерттейді. Зерртеу әртүрлі еңбектерден негізгі қорытындыларды синтездеу арқылы кибербуллинг құбылысын жан-жақты түсінуді қамтамасыз етуге бағыттылған. Бұл ғылыми зерттеудің мақсаты – кибербуллингтің күрделі аспектілерін ашу, оның әртүрлі формаларын, демографиялық топтардың арасында таралуы мен құрбандарға терең психологиялық әсерін көрсету. Зерттеу әдіснамасы әдебиеттерге жүйелі щолуды қамтиды, оның барысында тиісті мақалалар анықталады, таңдалады және сыни бағаланады. Рецензияланған журналдардан тиісті мақалаларды кең және жүйелі түрде іздеу кезінде кибербуллинг мәселесі бойынша соңғы зерттеулердің нәтижелерін талдау мақсатында соңғы онжылдықтағы басылымдарға басымдық берілді. Талдау қазіргі цифрлық дәуірдегі кибербуллингпен байланысты қиындықтарды жақсы түсінуге мүмкіндік берді. Бұл жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы оның кибербуллинг туралы жалғасып жатқан дискурсқа қосқан үлесі болып табылады. Зерттеу нәтижелерін жалпылау кибербуллингті зерттеудің халықаралық тәжірибесіне егжей-тегжейлі көзқарасты ұсынады. Бұл зерттеудің құндылығы оның кибербуллинг құбылысы туралы білімді кеңейтуге қосқан үлесінде жатыр. Әр түрлі көзқарастарды қорытындылай келе, соңғы он жылда жарық көрген әдебиеттерге шолу бұл құбылысты біртұтас түсінуді ұсынады, болашақ зерттеулердің негізін және кибербуллингке қарсы саясаттың ықтимал дамуын қамтамасыз етеді.
Кілт сөздер: кибербуллинг, цифрлық агрессия, интернет-қауіпсіздік, психологиялық әл-ауқат.