ҚАЛА ЖӘНЕ АУЫЛ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ҚАЛАУЛАРЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v90.i3.09
        53 28

Аннотация

Жоғары сынып оқушыларының кәсіби қалауларын анықтау және зерттеу мәселесінің өзектілігі артуда. Себебі, мектептерде кәсіптік бағдар берудің жетістігі жастардың болашақта жұмысқа орналасуының және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті позициялардың кепілі ретінде қазақстандық білім беруді жаңғыртудың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Мақала қала мен ауылдың жоғары сынып оқушыларының кәсіби қалауларын зерттеуге арналған. Зерттеудің мақсаты қала және ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларының кәсіби қалауларына әсер ететін факторларын, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау.

Мақаланың теориялық бөлімінде жоғары сынып оқушыларының кәсіби қалауларына қатысты ғылыми тұжырымдамаларға шолу жасалынды. Зерттеудің эмпирикалық бөлімінде қалалық және ауылдық мектептердің (Алматы қаласы мен Алматы облысы) жоғары сынып оқушылары (N=270) арасында сауалнама әдісімен жүргізілген зерттеу  нәтижелері  ұсынылған.

Зерттеу материалдары негізінде қаланың жоғары сынып оқушылары мектептен тыс кәсіби бағдар беретін ұйымдар мен кеңес беретін мекемелерге өз бетінше жүгінетіні, ал ауыл жастары жүгінбейтіні айқындалды. Қала мен ауыл мектептерінде кәсіби бағдар жұмыстарының ішінде ең кеңінен қолданылатын түрі психологиялық тестілеу. Зерттеу көрсеткендей, қала жастарының кәсіби бейімділігінің өзгеруіне еңбек нарығындағы белгілі бір мамандықтарға сұраныстың өзгеруі, ал ауыл мектептеріндегі мектеп оқушылары үшін әлеуметтік байланыстар әсер етеді. Ауыл жастарының тек мамандық емес, жоғары оқу орнын таңдауда нақты ұстанымы жоқ. Қала және ауыл оқушылары үшін еңбекақы деңгейі өте маңызды.

Зерттеу нәтижелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және білім беру жүйесінде жастарға кәсіптік бағдар берудің тиімділігін одан әрі арттыру үшін пайдалануға болады.

Түйін сөздер: кәсіп, кәсіби қалау, мамандық таңдау, кәсіби бағдар, оқушылар, қала жастары, ауыл жастары.

Автордың биографиясы

А. Сарсенова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

PhD, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының доцент м.а., Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан, e-mail: assel.sarsenova@inbox.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Сарсенова, А. . (2024). ҚАЛА ЖӘНЕ АУЫЛ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ҚАЛАУЛАРЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 90(3), 115–125. https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v90.i3.09