ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАСЫНАН КЕШІРГЕН ӘЙЕЛДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САУЛЫҒЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v88.i1.03
        180 120

Аннотация

Мақала тұрмыстық зорлық-зомбылықты басынан кешірген әйелдердің психологиялық саулығының ерекшелігін зерттеуге арналған. Себебі әйелдердің саулығы ерлі-зайыптылардың нақты мақсаттарына, отбасылық жоспарларын сәтті жүзеге асыруға, өзара мінез-құлық ерекшеліктерін түсінуге, сондай-ақ алға қойған мақсаттарына жету үшін ресурстар мен жағдайларға байланысты. Алайда қазіргі таңда өзекті болып отырған тұрмыстық зорлық-зомбылық психологиялық саулықты бұзушы факторлардың бірі. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны көпшілігінде әйелдер болып табылады. Күнделікті өмірде физикалық, психологиялық зорлық-зомбылықты басынан кешіру, әйелдердің психологиялық саулығының нашарлауына жағдай жасайды.

Мақаланың негізгі мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдердің психологиялық саулығының ерекшелігін анықтау болып табылады. Зерттеуден алынған мәліметтер психологиялық саулық феноменінің субъективті жақтарын анықтауға мүмкіндік береді. 

Мақалада саулық, субъективті саулық, психологиялық саулық категорияларына сипттама беріліп, жалпы әйелдердің, сонын ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдердің психологиялық саулығын қарастырған зерттеулерге талдау жасалынған. Эксперименталды зерттеуде тұрмыстық зорлық-зомбылықты басынан кешірген әйелдердің психологиялық саулығының ерекшелігін анықтау үшін  PERMA-Profiler сауалнамасы қолданылып, алынған нәтижелерге математикалық статистика қолданылған. Зерттеуде эксперименталды топ (тұрмыстық зорлық-зомбылықты басынан кешірген әйелдер) пен бақылау тобы (қалыпты отбасындағы әйелдер) тобының нәтижелері салыстырылып, екі топ арасындағы айырмашылық статистикалық тұрғыда көрісетілген. Зерттеу нәтижесі бойынша эксперименталды топтағы әйелдерде  жалпы саулықтың көрсеткіші орташа дәрежеде екендігі анықталды. Оның себебі: әйелдер өткен өмірінде отбасында көрген зорлық-зорлықпен салыстырғанда, дағдарыс орталығына келгеннен бері өмірінде мағына пайда болғанын, біршама жетістікке жеткенін, мақсатқа бір қадам аяқ басып, бақыттымын деп бағалауымен байланысты. Демек, жалпы психологиялық саулық феномені әрбір адам үшін субъективті болып табылуы мүмкін.

Түйін сөздер: саулық, психологиялық саулық, отбасылық саулық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, өмірге қанағаттану, өмірлік мағына

Авторлардың биографисы

Г. Ақымбек, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана

(корреспондент автор) - 8D03103-Психология мамандығының 2 курс докторанты, Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана қ., e-mail: agsh999@mail.ru

Г. Меңлібекова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Астана

педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан, Астана қ. e-mail: gmen64@mail.ru

С. Илиева, Климента Охридски атындағы София университеті, Болгария, София

психология ғылымдарының докторы, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, клиникалық және педагогикалық психология кафедрасының профессоры, Климент Охридский әулие атындағы София университеті, Болгария,София қ., e-mail: snilieva.su@gmail.com

Ж. Бекова, Астана халықаралық университеті, Қазақстан, Астана

психология ғылымдарының кандидаты, Астана халықаралық университетінің доценті, Қазақстан, Астана қ., эл.почта: zhan2309@list.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Ақымбек, Г., Меңлібекова, Г., Илиева, С., & Бекова, Ж. (2024). ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ БАСЫНАН КЕШІРГЕН ӘЙЕЛДЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САУЛЫҒЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 88(1), 28–41. https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v88.i1.03