ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТІСІН ДАМЫТУ ӘРЕКЕТІНДЕ СЫНИ ОЙЛАУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМІНІҢ БАЙЛАНЫСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v86.i3.05Аннотация
Мақалада жаңаша дәстүрлер мен трендтерге ілесе алатын зияты жоғары тұлғаның субъектілік әрекетінде эмоциялық интеллектісін дамыта отырып, сыни ойлаудың психологиялық қатынасын қалыптастыруға бағытталған теориялық-әдіснамалық негіздері зерделенген. Осы бағытта психологиялық-педагогикалық, философиялық әдебиеттерге жасалған шолу арқылы оқушылардың эмоциялық интеллектісін дамытуға сыни ойлаудың қатынасын теориялық тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік беретін «ойлау», «эмоция», «эмоциялық интеллект» және «сыни ойлау», «интеллектуалдық қабілет», «интеллектуалдық үдеріс» ұғымдарына түсініктеме берілді.
Зерттеу барысында синергетикалық, мотивациялық, когнитивтілік әдіснамалық тұрғырларды негізге алып, оқушылардың эмоционалдық интеллектісін дамытуда сыни ойлаудың психологиялық қатынасын айқындауға ықпал ететін жеке тұлғаның психикалық әрекеттерінің интеллектуалдық үдеріс қатынасының құрылымы жасалып, жеке тұлғаның қабілеті, сыни ойлауы, ой-өрісі, қарым-қатынасына қатысты ұғымдардың кіріктірілген сызбасы бейнеленді.
Автор мақалада зерттелген теориялық-әдіснамалық тұжырымдар мен пайымдаулар арқылы оқушылардың эмоциялық интеллектісін дамытуда сыни ойлаудың психологиялық механизмі нақтыланды. Оның негізінде ұйымдастырылған тәжірибелік-эксперимент нәтижелері оқушылардың эмоциялық интеллектісін дамытуда сыни ойлау әрекетін қалыптастыру әдістемесі және оқушының эмоциялық интеллект деңгейлерінің динамикасы көрсетіліп, бақылау және бағалау әдістемесінің тиімділігі дәлелденді. Зерттеудің ғылыми нәтижелері ретінде оқушылардың эмоциялық интеллектісін дамытудағы сыни ойлаудың психологиялық механизмдер қызметі арқылы олар табысты білім алуға деген ұмтылысы жоғарылап, қарым-қатынасқа түсу үдерісінде өз эмоциясын реттеуге бағыт-бағдар алатыны көрініс тапты.
Түйін сөздер: интеллект, ойлау, эмоция, эмоциялық интеллект, сыни ойлау, интеллектуалдық үдеріс, таным әрекеті.
Жүктелулер
Нұсқалар
- 2023-11-03 (2)
- 2023-09-08 (1)