Қазақстан Республикасының пенитенциарлық мекемелерінде сотталғандарды медициналық қамтамасыз етуді кешенді зерттеу

Авторлар

  • E. S. Satybekova Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақстан, Шымкент қ. http://orcid.org/0009-0007-2055-2821
  • G. U. Tileubayeva Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақстан, Шымкент қ. http://orcid.org/0009-0001-0164-5404

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v85.i2.011

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасының және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК қолдауымен Орталық Азиядағы Penal Reform International (халықаралық түрме реформасы) өкілдігінің қолдауымен 2021 жылы іске асырылған Қазақстан Республикасының пенитенциарлық мекемелеріндегі сотталғандарды медициналық қамтамасыз етуді кешенді зерттеу нәтижелері баяндалған. Сотталғандардың едәуір бөлігі халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады, соны-мен қатар әртүрлі әлеуметтік маңызды аурулардан зардап шегеді.

Зерттеудің мақсаты ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесіндегі медициналық қызмет көрсету жүйесінің жай-күйін жалпы талдау болды. Кешенді зерттеуге Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару жүйесінің объектілері бойынша сотталғандардан сауалнама, ҚАЖ өкілдерінен, тәуелсіз сарапшылардан: мемлекеттік басқару органдарының өкілдерінен, заңгерлерден, ҮЕҰ өкілдерінен, омбудсмендерден сараптамалық сауалнама кірді.

Кешенді зерттеу нәтижелері Денсаулық сақтау министрлігі қаржыландыратын ҚАЖ мекемелері сотталғандардың созылмалы және басқа да тән ауруларын бақылауға үлкен үлес қоса алатынын көрсетті. Зерттеу нәтижелерінің сотталғандарға медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру және оңтайландыру бойынша ұсыныстар кешенін әзірлеудегі, сондай-ақ қоғам үшін "жасырын" саланы қарауға кешенді тәсілді қолданудағы практикалық маңыздылығы.

Түйін сөздер: сотталған, қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ), Қазақстан Республикасының пенитенциарлық мекемелері, тұрудың санитарлық-гигиеналық жағдайлары, созылмалы аурулар.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-06-19