Полиция қызметкерлерінің психикалық қажуы мен өмір сүру сапасын бағалау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v85.i2.06
        125 258

Аннотация

Мақалада кәсіби қажу соның ішінде полиция қызметкерлерінің кәсіби қажу және өмір сүру сапасын бағалау мәселесі қарастырылады.

Қажу синдромына ғылыми және практикалық қызығушылықтың артуы бұл феноменнің қызметкерлердің әл-ауқатына, олардың жұмысының тиімділігіне және ұйымның іскерлік өмірінің тұрақтылығына ықпал ететіндігіне байланысты белең алып келе жатқан мәселелердің тікелей көрінісі болып табылады.

Зерттеу жүргізудегі негізгі мақсатымыз – ІІМ полиция қызметкерлерінің кәсіби қажу деңгейлерінің өмір сүру сапасы мен қызметкерлердің әкімшілік тарапынан әсер етуші факторларға қатысты өзарабайланысын анықтау. Зерттеуде психикалық қажуды анықтау, өмір сүру сапасын бағалау әдістемелері қазақшаға аударылып, жүргізілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы-жүргізілген жұмыстың нәтижесінде алынған деректер психологиялық ұсыныстар қалыптастыруға, психопрофилактикалық іс-шараларды жоспарлауға, оның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің психикалық денсаулығын нығайтуға және сақтауға, олардың эмоционалдық қажуын азайтуға және өзін-өзі реттеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған бағдарламаларды әзірлеу барысында жұмыс сапасын жақсартуға септігін тигізеді.

Алынған нәтижелер бойынша психикалық қажу мен өмір сапасын бағалау әдістемелерінің нәтижелері арасында барлық емес атап айтсақ психикалық қажу бойынша тек бір шкала «кәсіби мотивация» мен өмір сүру сапасының барлық шкалалары арасындағы байланыс анықталды. Ал өмір сүру сапасын бағалау әдістемесінде 8 шкаланың тек     4 шкаласы нәтижелер жоғары көрсеткішке ие болды.

Түйін сөздер: кәсіби қажу, эмоционалдық қажу, өмір сапасы, психикалық денсаулық, по-лиция қызметкерлері.

Жүктелулер

Как цитировать

Yskak G. Т., Amirbekova, M., & Yskakova, A. T. (2023). Полиция қызметкерлерінің психикалық қажуы мен өмір сүру сапасын бағалау. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 85(2), 52–64. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v85.i2.06