Студент жастардың саяси ұстанымдарын әлеуметтанулық талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v84.i1.09
        88 64

Аннотация

Мақалада елішілік және әлемдік өзгерістер аясында жастардың саяси ұстанымдары мен белсенділіктің негізгі компоненттері талданады. Жаңа құндылықтар жүйесінің пайда болуы мен бұрынғылардың маңыздылығының төмендеуі және әлеуметтік ұтқырлықтың артуы жастардың өмірлік және саяси ұстанымдарына елеулі әсер етуде. Мақаланың мақсаты жастардың саяси қатысу мен белсенділігін анықтайтын факторларды, олардың саяси көзқарастары мен ұстанымдары, саясат туралы негізгі ақпарат көздерін талдау. Мақалада аталмыш тақырып аясында 2021 жылы автормен жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу қорытындылары ұсынылады. Эмпирикалық ақпаратты жинау үшін сауалнама әдісі қолданылды. Іріктеу жиынтығы 439 жас адамнан тұрады. Зерттеу нәтижелері бойынша, жастардың саяси позициялары әлі де қалыптасу үрдісінде, яғни саяси ұстанымдардың шекаралары айқын емес. Саяси құндылықтар мен ұстанымдар жүйесінде жастардың әлеуметтік-демографиялық немесе экономикалық мәртебесі бойынша статистикалық маңызды айырмашылықтар анықталмады. Саяси немесе идеологиялық позициялардың қалыптасуына елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдаймен қатар, қоғамда қалыптасқан мәдени стереотиптер ықпал етеді. Мақалада ұсынылған мәлімет пен зерттеу нәтижелері жастар мәселесін шешуде, әр түрлі саяси іс-шаралар мен жастардың саяси ұйымдары мен қозғалыстарын реттеу мен ұйымдастыруда қолданыс таба алады.

Түйін сөздер: саяси ұстанымдар, студент жастар, жастар саясаты, саяси белсенділік, саясат туралы ақпарат көздері, саяси мәдениет, саяси қызығушылық.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-03-24

Как цитировать

Nessipkaliyev, D. E., & Tufekcioglu, H. (2023). Студент жастардың саяси ұстанымдарын әлеуметтанулық талдау. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 84(1), 100–109. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v84.i1.09