Қазіргі көші-қон процесі: талдаудағы жаңа көзқарас

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v82.i3.012
        184 227

Аннотация

Мақала қазіргі әлемде аймақтық, ұлттық, халықаралық деңгейдегі маңызды мәселелердің бірі көші-қонға байланысты зерттеулердігі көзқарастарды, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасы жағдайындағы көші-қон процестерін талдауға арналған. Көші-қон мемлекетте болып жатқан саяси, рухани, әлеуметтік және экономикалық, экологиялық өзгерістерге сол мемлекет халқының жаппай жауап беру әдісі болып табылады. Көші-қон процесі даму деңгейіне қарай қабылдаушы және жіберуші елдерге әртүрлі әсер етеді, көші-қон елдің ішкі құрылымын өзгертіп, ел аймақтарының дифференциациялануына әкеледі. Қазіргі кезде көптеген мигранттарды жіберетін дамушы елдердің үкіметтері көші-қон процесіндегі азаматтарды әлеуетті инвесторлар мен даму процесінің қатысушылары ретінде қарастырса, дамыған елдерде, керісінше, қазір көші-қонның жағымсыз әлеуметтік-саяси салдары айқын көрінеді. Мақаланың мақсаты көші-қонға байланысты отандық және шетелдік авторлар еңбектерін ғылыми талдаудан өткізіп, көші-қон мәселесіндегі басым көзқарасты анықтау және статистикалық деректерді талдау арқылы Қазақстан жағдайындағы көші-қон процестерінің ерекшеліктерін анықтау.

Талдау көрсеткендей, ХХІ ғасыр басынан көші-қон ағымдарына теріс баға беретін шектелген көші-қонды қолдайтын «көші-қон пессимистерінің» жұмыстарының саны артып келеді. Олар байырғы тұрғындар арасындағы табыстың төмендеуін, жұмыссыздықтың өсуін, әлеуметтік шығыстардың көбеюін, экономикалық өсудің баяулауын, мәдени айырмашылықтардың күшеюінен туындайтын әлеуметтік шиеленістердің өсуін, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы, терроризм қаупін және т.б. жағымсыз салдарды көші-қон процесімен байланыстырады. Сол себепті де бүгінгі таңда көші-қон позитивті, оптимистік көзқарастан негативтік көзқарастар тудыруда. Бұл көзқарастардағы айырмашылық оптимистік тұрғыда жазылған жұмыстардың басым бөлігі мәселенің теориялық жағымен көбірек айналысып көші-қонның донор және рецепиент елдерге тигізетін экономикалық әсерлеріне негізделген болса, «пессимистік» еңбектер импирикалық мәліметтерге сүйеніп, көші-қон салдарын әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, демографиялық, денсаулық-сақтау тұрғысынан анықтауға бағытталғандығында.

 Кілт сөздер: көші-қон, ішкі көші-қон, сыртқы көші-қон, шектеулі көші-қон, мигрант.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-10-05

Как цитировать

Beimisheva А. S., & Aznabakiyeva M. А. (2022). Қазіргі көші-қон процесі: талдаудағы жаңа көзқарас. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 82(3), 127–137. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v82.i3.012