Этносаралық қарым-қатынас мониторингі жедел этноәлеуметтану ретінде: қалыптасу тарихы және Қазақстан Республикасының этносаясатын іске асырудағы рөлі
DOI:
https://doi.org/10.26577/10.26577/JPsS.2021.v77.i2.15Аннотация
Мақалада «жедел этноәлеуметтану» түсінігі енгізілді. Жедел этноәлеуметтану міндеттерін іске асырудың негізгі бағыты ретінде этносаралық және этномемлекеттік қарым-қатынас мониторингінің әдіснамалық және ұйымдастыру-әдістемелік аспектілері түсіндіріледі. Қазақстан Республикасында және шетелдік ғылыми-зерттеу орталықтарында этноәлеуметтанулық үрдістер мониторингінің қалыптасуы мен даму тарихы зерттелінеді. Сол сияқты зерттеулерді жүргізуде түрлі отандық және шетелдік ғылыми орталықтар қолданған негізгі әдіснамалық тәсілдер талданады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты соңғы жылдарда бірнеше рет қатарынан қолданған этносаралық қарым-қатынас пен этносаяси үрдістер мониторингінің ерекшелігі ашылып көрсетіледі. Жүргізілген зерттеу материалдарынан мынандай жалпыға ортақ қорытынды шығарылды: мемлекеттің тәуелсіз дамуының 30 жылында Қазақстан Республикасының этносаясаты көпэтносты қазақстандық қоғамды топтастыруда, барлық этностық топтардың бірыңғай жалпыұлттық, азаматтық бірегейлігін қалыптастыруда күмәнсіз және көпшілік мойындаған табысқа қол жеткізді. Бұл үрдістерде республикада этноәлеуметтік қарым-қатынастарды саяси басқару органдарына эксклюзивті әлеуметтік ақпараттарды және салмақты ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарды берген қазақстандық әлеуметтанушылардың мониторингтік зерттеуі ерекше рөл атқарды. Алайда мониторингтік талдау және жорамалдау мүмкіндіктері толықтай көлемде маңызға ие бола алмай отыр. Шұғыл этноәлеуметтанудың жүйесін жетілдірудің аса сұранысқа ие және келешегі зор бағыты болып этноәлеуметтанудың дәстүрлі сапалы және сандық әдістерінің өзара келісілген қолданысы негізінде мониторингтің көппараметрлі және мультимодельді кешенін құру (көпшілік сұрақ-жауап, бақылау, фокус-топтар, сарапшылық сауалнамалар, формальды терең интервью және т.б.) және «Ірі мәліметтер» қорын цифрлы өңдеудің қазіргі технологиялары болып табылады. Түйін сөздер: мониторинг, шұғыл этноәлеуметтану, этноәлеуметтанулық үрдістер, этносаралық қарым-қатынас, этносаясат, этносаралық наразылық көрсеткіштері.