Қазіргі Қазақстан жағдайында студент жастарды әлеуметтендірудің рекшеліктері (Алматы қ. мысалында)

Авторлар

  • D. E. Nessipkaliyev Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қaзaқстaн, Алмaты қ. http://orcid.org/0000-0002-0946-6611

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.020
        189 198

Аннотация

Мақалада қазіргі Қазақстандағы ересек жастардың әлеуметтену проблемаларының өзектілігі баянадалады. Мақаланың мақсаты Қазақстан жастарын әлеуметтендіру ерекшеліктерін кешенді талдау; жастардың одан әрі толыққанды дамуына кедергі келтіретін негізгі проблемаларын анықтау болып табылады. Зерттеу әдістемесі балалар мен жастарды әлеуметтендіру мәселесі бойынша әртүрлі әлеуметтік-гуманитарлық мектептер тұжырымдамаларына негізделген. Қазақстандық жастар арасындағы қазіргі проблемалар көптеген факторлармен байланысты екені анықталды, олардың ең бастысы мемлекеттік жастар саясатының тиімділік дәрежесі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық (оның ішінде білім беру саласында), саяси тұрақсыздық және жауапты адамдардың жеткіліксіз кәсібилігі жүргізілген зерттеулер шеңберінде толассыз тақырыптарға айналды, бұл осы проблемаларды елдегі жас азаматтардың көңіл-күйінің маңызды индикаторы ретінде бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Қазақстандық жастар әлі де еңбекпен қамту (жалақысы төмен) және тұрғын үй сияқты тіршілікті қамтамасыз етудің базалық құрамдас бөліктерінде барынша қиындықтарды бастан кешуде. Қазіргі жастар өздерінің даму процесінде қоғамда әлеуметтік мәртебе, белгілі бір этникалық топқа, дінге, тілге қатысты маңызды санаттарда өз құқықтарының бұзылуына тап болғаны анық, бұл нәтижесінде жойқын салдарға әкелуі мүмкін. Ұсыныстар ретінде автор мемлекет үшін жастардың барлық топтарын қамтитын және олардың ең өзекті мәселелерін шешетін саясат орынды екенін атап өтті. Жүргізілген әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелерін қазақстандық жастардың проблемаларын зерттеу шеңберінде зерттеушілердің кең ауқымы қолдана алады; олар ересек жастарды әлеуметтендірудің тиімді стратегиялық моделін әзірлеу кезінде үлкен қызығушылық тудырады.

Түйін сөздер: жастар, студент жастар, әлеуметтену, Қазақстан, мемлекеттік саясат.

Жүктелулер

Как цитировать

Nessipkaliyev, D. E. (2022). Қазіргі Қазақстан жағдайында студент жастарды әлеуметтендірудің рекшеліктері (Алматы қ. мысалында). ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 81(2), 208–218. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.020