Жаңғырту міндеттері контекстіндегі менталитетті трансформациялау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.015
        84 47

Аннотация

Қазақстандық социумның мәдени ұйымы нарық үстемдігі, либералдандыру, демократиялан- дыру, жаһандану дәуірінің ықпалымен жаңғыртылуда. Қазіргі Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тыныс-тіршіліктің барлық салаларын: әлеуметтік-экономикалық құрылысты, стратификациялық құрылымды, адамгершілік-рухани саланы қамтыған тұрақты процесс ретінде көрінетін жүйелі трансформацияларды бастан кешуде. Егемендік кезеңінде менталитет әртүрлі ұмтылыстардың, өзара ерекше артықшылықтардың, көп бағытты мінез-құлық стратегияларының тіркесімін білдіретін қарқын түрінде өзгереді. Олардың барлығы жаңа сәйкестендірулерді, соның ішінде дүниетанымды іздеу процестерімен анықталады. Оның құрылымы – өмірдің мақсаттары мен мұраттарын қалыптастыратын құндылықтар. Жұмыстың мақсаты – қазақстандық менталитеттің құндылық матрицасын көрсету, онда бұқаралық сананың басым ұмтылыстарын айқындау, халықтың түрлі топтарының құндылық артықшылықтарын өлшеу, проблемалар мен оның даму тәуекелін анықтау. Негізгі нәтиже ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институ- тында авторлар жүргізген зерттеулердің эмпирикалық базасына негізделген әлеуметтанушылық өлшемдерді теориялық қайта құру болып табылады. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы жаңа зерттеу объектісін (жаңа қазақстандық менталитет) көрсетумен, оны факторлық және детерминистік тұрғыдан талдаумен байланысты. Практикалық қажеттілік қоғамды жаңғырту міндеттерімен, ғылыми қоғамдастық алдына қойылған жаңа Қазақстан тұжырымдамасын іске асырумен сәйкес келеді. Мақалада Қазақстандықтардың дүниетанымдық бағдарларын зерттеу нәтижелері қорытындыланады: 2021 жылғы жаппай сауалнама негізінде қазақстандықтардың менталитетінің құндылық матрицасының контурлық моделі қайта құрылды. Басым және шеткері дүниетанымдық ұмтылыстар контекстіндегі құндылықтар құрылымы және қоғамға, жасқа, этникалық, әлеуметтік және кәсіби мәртебелерге арналған проекциялар талданады. Авторлар өз зерттеулеріне сүйене отырып, тұжырымдар жасайды және модернизация мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін нақты ғылыми және практикалық ұсыныстар ұсынады. Зерттеу нәтижелері отандық социогуманитаристиканың пәндік саласын кеңейтеді, салыстырмалы елдік зерттеулер жүргізу үшін негіз жасайды, қазақстандық қоғамды трансформациялау міндеттеріне байланы- сты өзгерістер индикаторларын өлшеу үшін өлшемге айналады.

Түйін сөздер: менталдылық, жаңғырту, жаңа Қазақстан, әлеуметтену, құндылық матрицасы.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-07-08

Как цитировать

Burova, E., Sagikyzy, A., & Akulich, M. (2022). Жаңғырту міндеттері контекстіндегі менталитетті трансформациялау. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 81(2), 149–164. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.015