Қазақстан қоғамы әлеуметтанулық өлшемде (терең сұхбат және сарапшылардың формалданған сауалнама нәтижелері бойынша)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.011
        921 928

Аннотация

Қазақстандық қоғамның әлеуметтік құрылымы қарқынды құрылымдану процесін бастан кешіруде. Еліміздегі соңғы онжылдықтардағы әлеуметтік-экономикалық саясат, сондай-ақ әлемдік трендтер Қазақстандағы қоғамдық құрылымның өзгеруіне әсер етті. Пандемия және постпандемиядан кейінгі кезең әлеуметтік стратификацияға жаға өзгерістер әкелді, жаңа өндірістік қатынастардың айналасында дәстүрлі қоғамдардан өзгешеленетін әлеуметтік тап- тар мен қабаттар пайда бола бастады. Тереңдетілген сұхбат пен сарапшылардың ресми сау- алнамасына негізделген мақалада қабаттар арасындағы арақашықтық пен жылжу қоғамның құндылықтары мен мәдениеттері, экономикалық және саяси жүйелер және басқа да көптеген факторлар арқылы көрінетін субъективті стратификацияға байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін екенін көрсетілді. Осы және басқа да жағдайлар әлеуметтік қамсыздандырудың дәстүрлі жүйелерін түрлендіретін жаңа құрылымның қалыптасуына әкеледі, оның қызметі кедейшілік пен әлеіуметтік жіктелуді азайту және табыстарды бөлуді реттеу болып табылады. Қазіргі заманғы әлеуметтік құрылым мен стратификацияны зерттеудің негізгі дискурсы әлеуметтік таптар туралы концептуалды пікірталастармен шектеледі. Әлеуметтік стратификацияның сандық және сапалық зерттеулерінің жетіспеушілігі, қолжетімді репрезентативті деректердің болмауы зерттеудің кешенді және көп деңгейлі тәсілдерін шектейді. Мақалада жүргізілген зерттеу негізінде қазақ қоғамының абстрактілі немесе нақты критерийлер бойынша әртүрлі формада жіктелетіндігі анықталған.

Түйін сөздер: әлеуметтік құрылым, қоғам, стратификация, модернизация, өлшеу.

Жүктелулер

Как цитировать

Abdiraiymova, G. S. (2022). Қазақстан қоғамы әлеуметтанулық өлшемде (терең сұхбат және сарапшылардың формалданған сауалнама нәтижелері бойынша). ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 81(2), 102–112. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.011