Қоғамның баласыз отбасына деген көзқарасын зерттеуде еркін ассоциация әдісін қолдану

Авторлар

  • B. Zh. Smagambet Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0002-1960-0255
  • F. M. Ashirbayeva Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0003-3252-4522

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.09
        108 127

Аннотация

Қазақстанда баласыз жұптар санының артуы – өзекті мәселе. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еліміздегі медициналық себептер бойынша баласыз адамдардың санын «мемлекеттік мәселе» деп атайды, өйткені демографиялық көрсеткіштерге теріс ықпал етіп отыр. Егер бұрын баласыздықтың негізгі себебі әйелдер бедеулігі болып саналса, бүгінде мамандардың пікірінше, мұндай жағдайлардың орын алуы ерлер белсіздігінің санының артуына тікелей байланысты. Осы тұрғыда қоғамның баласыз отбасына көзқарасын зерттеу маңызды. Мақалада қоғамның баласыз отбасына деген көзқарасын зерттеуде еркін ассоциация әдісін қолдану қарастырылады. Зерттеудің мақсаты: зерттеу негізінде ассоциациялардың тиісті сипаттамаларын анықтай отырып, ассоциациялық тәжірибе арқылы қоғамның баласыз отбасыларына деген көзқарасын зерттеуде баласы жоқ отбасыларына қазақстандықтардың (жағымды/жағымсыз/бейтарап) пікірлері мен қоғамның «көп балалы отбасы», «баласыз отбасы», «чайлдфри» «ерлер денсаулығы»,

«әйел денсаулығы» ұғымдарына түсініктерін талдау болып табылады. Зерттеу жұмысының маңыздылығы – әлеуметтануда алғаш рет қоғамның баласыз отбасына деген көзқарасын ассоциациялық тәжірибе әдісін қолдану арқылы зерттеу.

Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері: ассоциациялық тәжірибелік зерттеудің нәтижесінде қоғамда «баласыз отбасы», «чайлдфри» әлеуметтік идеясы адамдардың санасында теріс эмоциялар, сезімдер мен күйлер, денсаулық сапасының төмендігімен байланысты; «көп балалы отбасы» туралы әлеуметтік идея күнделікті санада жағымды эмоциялар, сезімдер мен күйлер, көп балалы отбасының мүмкіндіктерінің, жауапкершіліктің жоғарылығымен анықталады; отбасындағы бақыт, «ерлер денсаулығы», «әйел денсаулығы» ұғымдары тікелей балалы болу түсініктерімен байланысты. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – ассоциациялық тәжірибені зерттеуде қолдану әлеуметтік мағыналар мен әлеуметтік мәселелердің сапалық әртүрлілігін зерттеуге, сонымен қатар ассоциацияларды талдау үшін П.Вержестің прототиптік талдауы қолданылды. Әлеуметтанулық зерттеулердегі прототиптік талдау әлеуметтік идеялар мазмұнының құрылымын, атап айтқанда құндылық жүйелерін оларды қолдану режимінде топтарға бөлу тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: баласыз отбасы, бедеулік, ерлер денсаулығы, еркін ассоциациялық тәжірибе, ынталандыру сөздер, қоғамдық көзқарас, қосалқы репродуктивтік технологиялар.

Жүктелулер

Как цитировать

Smagambet, B. Z., & Ashirbayeva, F. M. (2022). Қоғамның баласыз отбасына деген көзқарасын зерттеуде еркін ассоциация әдісін қолдану. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 81(2), 81–90. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.09