Жас қазақстандықтардың тұлғааралық қарым-қатынастарындағы толеранттылық және діни сәйкестіліктің өзара байланысы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.06
        75 105

Аннотация

Жас қазақстандықтардың тұлғааралық қарым-қатынастарындағы толеранттылық пен тұлғаның діни сәйкестілігі арасындағы өзара байланысты зерттеу мәселесінің өзектілігі этносаралық және діни конфликтер негізінде тұлғааралық саладағы шиеленістің өсуіне байла- нысты. Зерттеудің мақсаты: жас қазақстандықтардың тұлғааралық қарым-қатынастарындағы тұлғаның діни сәйкестілігі мен толеранттылық арасындағы байланысты анықтау және негіздеу. Мақалада жас қазақстандықтардың діни болмысының құрылымы талданып, толеранттылық түрлері мен құрамдас бөліктерінің ерекшеліктері және олардың өзара байланысы сипатталған. Қазақстандық жастар арасындағы діни сәйкестілік пен толеранттылықтың даму ерекшеліктері қарым-қатынастардың үйлесім/үйлесімсіздік призмасы арқылы қарастырылады. Зерттеу- де В.А. Шороховамен бейімдеген Д.Ван Камптың «Діни сәйкестіліктің жеке және әлеуметтік компоненттерін өлшеу» атты діни сәйкестікті зерттеуге арналған жаңа сауалнамасы қолданылды. Зерттеуде жас қазақстандықтардың діни сәйкестілігі гетерохронды түрде дамып, әлеуметтік бағыттылыққа ие болатыны көрсетілген. Жас қазақстандықтарға толеранттылықтың жоғары деңгейі тән. Ерекшелік ретінде толеранттылық жеке бағдарға ие. Қарым-қатынастардағы үйлесімсіздік көрсеткіші жас қазақстандықтарға біршама үйлесімді қарым-қатынастар тән екенін көрсетеді. Корреляциялық талдау нәтижелері көрсеткендей, толеранттылық пен діни сәйкестілікті дамыту үшін қазақстандық жастардың референттік топпен сәйкестенуі маңызды. Жеке факторлар әсерінің кейбір артықшылығы бар, жеке және әлеуметтік факторлардың өзара әсерінің бірлігі бақыланады. Зерттеу нәтижелерін практикалық психологтар әртүрлі діни конфессиялардың өкілдерімен одан әрі жұмыс істеу үшін, жайлы этномәдени ортаны қалыптастыру үшін, ҚР халықтарының этномәдени және діни алуан түрлілігін сақтауға және дамытуға үлес қосу үшін пайдалана алады.

Түйін сөздер: діни сәйкестілік, толеранттылық түрі, толеранттылық компоненттері, қарым-қатынас.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-07-08

Как цитировать

Kenesbayev, A. M., & Aimaganbetova, O. H. (2022). Жас қазақстандықтардың тұлғааралық қарым-қатынастарындағы толеранттылық және діни сәйкестіліктің өзара байланысы. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 81(2), 49–59. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v81.i2.06