Некеде тұратын және тұрмайтын адамдардың психологиялық денсаулығын эмпирикалық зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v80.i1.06
        88 165

Аннотация

Мақалада некеде тұратын және тұрмайтын адамдардың психологиялық денсауаулығының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін анықтауға бағытталған эмпирикалық зерттеудің қорытындылары келтірілген. Авторлар психологиялық денсаулықты адам өмірінің сапасына 

әсер ететін қажетті психологиялық күй деп түсіндіреді. Алынған психологиялық зерттеу нәтижелері отбасылық психологияда теориялық негіз бола алады, ал келтірілген ұсыныстарды әр түрлі отбасылық жағдайдағы адамдармен жұмыс жасауда психологтар қолдана алады. Біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі әдіснамасы психология ғылымына «психологиялық денсаулық» ұғымын алғаш енгізген орыс ғалымдарының бірі И.В. Дубровинаның жұмыстары мен адамның жалғыздықта өмір сүру стилін таңдауын сипаттайтын «жеке өмір» ұғымын енгізген американдық социолог Э. Кляйненберг жұмыстары қолданылады. Зерттеу барысында біз «позитивті жалғыздық» тұжырымдамасына сүйенеміз.

Зерттеу нәтижелері бойынша, әр түрлі отбасылық жағдайдағы адамдар арасында, яғни некеде тұратын және тұрмайтын адамдарда психологиялық денсаулығында айырмашылық бар екендігі; некеде тұратын ерлер мен әйелдер арасында психологиялық денсаулығында айырмашылық жоқ екендігі; үйленбеген ерлер мен әйелдер арасында айтарлықтай айырмашылық көп емес, бірақ бар екендігі анықталды. Жалпы үйленген және тұрмысқа шыққан адамдардың психологиялық денсаулығы үйленбеген және тұрмысқа шықпаған адамдарға қарағанда жақсырақ. Неке психологиялық әл-ауқатқа жағымды әсер етеді.

Түйін сөздер: психологиялық денсаулық, неке, әл-ауқат, жалғыздық.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-04-02

Как цитировать

Matkarimova, A. I., & Kabakova, M. P. (2022). Некеде тұратын және тұрмайтын адамдардың психологиялық денсаулығын эмпирикалық зерттеу. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 80(1), 65–75. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v80.i1.06