Эмоционалдық интеллект және оның мінез-құлық стилдерімен және кәсіби қызметтегі жетістіктермен байланысы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v80.i1.02
        134 181

Аннотация

Бұл мақала қазіргі психологиялық әдебиеттегі эмоционалды интеллектті зерттеу мәселесіне арналған. Мақаланың негізгі мақсаты – «эмоционалды интеллект» ұғымының өзін талдау, осы құбылыстың пайда болу және даму тарихына қысқаша шолу жасау, оны зерттеген белгілі психологтардың тұжырымдамалары мен көзқарастарын көрсету. Авторлық шолу және тұжырымдамаларды жүйелеу негізінде эмоционалдық интеллект деңгейі мен жеке тұлғаның әл- ауқаты, сонымен қатар кәсіби қызметтегі табыс арасындағы байланыстардың болуы мүмкіндігі туралы идея қорғалады. Сонымен қатар, мақалада эмоционалдық интеллекттің әлеуметтік- психологиялық табиғаты және эмоциялардың ойлау және шешім қабылдау процесінде орындайтын рөлі туралы белгілі ғалымдардың көзқарастары қарастырылады. Сондай-ақ эмоциялардың мінез-құлыққа және басқа адамдармен қарым-қатынас стиліне қалай әсер ететінін анықтау әрекеті жасалды. Осы саладағы қолда бар зерттеулерді талдағаннан кейін эмоционалдық интеллекттің өзін-өзі түсіну, өзін-өзі бақылау, эмпатия, мотивация және әлеуметтік дағдылар сияқты құрамдас бөліктері, сондай-ақ олардың арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастар сипатталды. Мақаланың соңғы бөлігінде стресске төзімділікті арттыруға және әлеуметтік дағдыларды меңгеруге ықпал ететін жағымсыз эмоцияларды басқару бойынша ұсыныстар мен әдістер берілген. Зерттелген материалға сүйене отырып, автор осы мәселе бойынша қолда бар ақпаратты, атап айтқанда, психология саласында терең білімі жоқ адамдар үшін аталған мәселені жақсы түсінуге және құрылымдауға көмектесетін жалпыланған қорытындыларды ұсынады.

Түйін сөздер: мотивация, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тану, әлеуметтік құзыреттіліктер, эмоционалды интеллект, эмоция, эмоционалды ойлау, эмпатия.

Жүктелулер

Как цитировать

Debera, O. Z. (2022). Эмоционалдық интеллект және оның мінез-құлық стилдерімен және кәсіби қызметтегі жетістіктермен байланысы. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 80(1), 14–20. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v80.i1.02