Азаматтық бірегейліктің динамикасы мен мемлекеттің ұйымдық ортасын қабылдау арасындағы байланысты талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v79.i4.01
        50 58

Аннотация

Қоғамның жаһандануына алып келетін үрдістердің әсерінен өз елін тастап, жақсы өмір немесе жұмыс іздеп орын ауыстырған адамдар саны артып келеді. Алайда, қоршаған ортаның өзгеруімен адамның жеке өмірі мен психикасы да өзгеруге ұшырайды, ол өз кезегінде бейімделу мәселелері, мәдени шок, құндылықтар жүйесіндегі өзгерістер, сондай-ақ адамның өз елінің азаматы ретінде тануындағы өзгерістер сияқты салдарға алып келеді. Жиі шекаралық бірегейлік сияқты құбылыс орын алады, бұл жағдайда адам ескі және жаңа құндылықтарының шегінде қалып қояды, яғни ол бұрынғы қоғамның мүшесіне жатпайды, бірақ жаңа қоғамға бейімделмеген жағдайда болады. Бұл мәселенің кең таралғаны соншалықты мигранттардың азаматтық бірегей- лігінің динамикасы мәселесін егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді. Мақаланың негізгі мақсаты – аталған динамиканың себептерін анықтау және тұлғаның азаматтық бірегейлігінің қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтау. Бұл мәселемен көптеген ғалымдар айналысуда, олардың әрқайсысы осы құбылысты түсінуге айтарлықтай үлес қосқан, атап айтқанда, Н.В. Хазратова, И.Р. Петровская, А.С. Резник және т.б. Біз ғылыми-әдістемелік талдау жасай отырып, азаматтық бірегейлікті жеке тұлғаның құндылықтары мен қажеттіліктерінің мемлекеттің ұйымдық аппарат ретіндегі идеологиясымен, сондай-ақ елдің азаматы ретінде өзін-өзі тануымен байланысы ретінде қарастырамыз.

Жұмыстың ғылыми құндылығы азаматтық бірегейлікті қалыптастыру факторлары мен оның

динамикасына әсер ететін факторларды анықтаудан байқалады. Біз азаматтық бірегейліктің өмір сүру фактісін ғана емес, оның жеке адамның өміріне және оның мемлекетпен қарым-қатынасына әсер ету ерекшеліктерін де қарастырамыз.

Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңыздылығы оның нәтижелерін азаматтық тәрбие беру бағдарламаларын және мигранттардың жаңа ұйымдық орта жағдайларына бейімделуімен жұмыс жасау бағдарламаларын әзірлеуге енгізудің орындылығымен анықталады.

Түйін сөздер: азаматтық бірегейлік, азаматтық бірегейлік динамикасы, мәдени шок, психологиялық бейімделу, мигранттардың жағдайы.

Автордың биографиясы

N. A. Borisenko

«Львовтық Политехника» ұлттық университеті, Украина, Львов қ.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-12-16

Как цитировать

Borisenko, N. A. (2021). Азаматтық бірегейліктің динамикасы мен мемлекеттің ұйымдық ортасын қабылдау арасындағы байланысты талдау. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 79(4), 4–13. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v79.i4.01