Көші-қон тартымдылығы Қазақстан қалаларының даму факторы ретінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v78.i3.13
        121 100

Аннотация

Қазақстанның аумақтық дамуы ресурстардың біркелкі бөлінбеуімен және халықтың біркелкі қоныстанбауымен сипатталады. Тартымдылықтың негізгі аймақтарымен қатар ел тұрғындарының көпшілігі үшін әлі де дамымаған және тартымсыз болып қалатын өңірлер бар. Жұмыс күші (дарынды жастар мен мамандар) шоғырланған тартымды өмір сүру жағдайлары бар ірі қалалар басқарылатын урбанизациямен қатар аймақтардың экономикалық өсуіне және халықтың өмір сүру сапасының жақсаруына ықпал етеді деп есептеледі. Бұл тұрғыда аймақтың қоныс аударушыларды тарту мүмкіндігі оның экономикалық бәсекеге қабілеттілігін және инновациялық әлеуетін арттыру үшін маңызды. Берілген жұмыста авторлар көші-қон балансы мен әлеуметтік-экономикалық тартымдылық көрсеткіштері арасындағы байланысты анықтау мақсатында ірі қазақстандық қалалардың көші-қон тартымдылығын зерттеу міндетін қойды. Авторлар қалалардың көші-қон тартымдылығы әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен анықталады деп болжайды. Тұрақты даму тұжырымдамасы негізінде көші-қон процестерінің қалыптасуындағы жеке факторлардың рөлін талдау үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша елдің қалаларына корреляциялық талдау жүргізілді. Қалалар зерттелген жылдар аралығында халықтың тұрақты келуімен сипатталады. Көші-қон процестері қала дамуының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен анықталады. Ірі қалалар үшін аймақтық стандарттар жүйесін әзірлеу кезінде қалалық көші-қон тартымдылығының анықталған көрсеткіштерін ескеруге болады.

Түйін сөздер: қала, қала халқы, көрсеткіштер, көші-қон, көші-қон тартымдылығы, көші-қон

өсімі, урбанизация.

Жүктелулер

Как цитировать

Serikzhanova, S. S., & Aldangarkyzy А. (2021). Көші-қон тартымдылығы Қазақстан қалаларының даму факторы ретінде. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 78(3), 148–156. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v78.i3.13