Әлеуметтік детерминанттың денсаулық сақтаудағы құндылықтардың қалыптасуына әсері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v78.i3.12Аннотация
Елдің экономикалық және демографиялық дамуының жоғары деңгейі оның азаматтарының денсаулыққа қатысты теңдігіне кепілдік бермейді. Денсаулық деңгейіндегі саралау тек генетикалық, мінез-құлық немесе инфрақұрылымдық факторлармен ғана байланысты емес; олардың маңыздылығына қарамастан, ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық саралануын да көрсетеді. Осылайша, денсаулықтың әлеуметтік детерминанты – адамдардың туылғаннан бастап, қартайғанға дейінгі өмір сүру жағдайлары туралы түсінік пайда болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы денсаулықты ауру мен физикалық ақаудың болмауы ретінде ғана емес, толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқат жағдайы ретінде анықтайды. Алайда бұл анықтама денсаулықты бақылау және бағалау мүмкін болатын объективті индикаторлар жиынтығын бөлуге мүмкіндік бермейді. Қазіргі уақытта денсаулық деңгейін анықтайтын бірыңғай салыстырмалы шкала жоқ, оны дамыту сапалы пәнаралық зерттеуді қажет етеді.
Мақаланың мақсаты халық денсаулығының әлеуметтік-экономикалық детерминантының тұжырымдамасын зерттеуге және жіктеуді анықтауға арналған. Денсаулықтың немесе өмір сүру ұзақтығының нақты көрсеткіштерін бірқатар әлеуметтік детерминанттармен байланыстыратын қазіргі заманғы шетелдік зерттеулердің мысалдарында әлеуметтік-экономикалық факторлардың халық денсаулығына әсер ету сипаты ашылады. Қазақстандағы халық денсаулығының әлеуметтік- экономикалық факторы ұғымының аз зерттелуіне байланысты бұл мақала осы тақырып бойынша теориялық және эмпирикалық жұмыстардың кең шолуының арқасында қазақстандық аудитория үшін қызығушылық тудырады.
Түйін сөздер: әлеуметтік саясат, денсаулық пен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзара байланысы, денсаулық саласындағы теңсіздік.