Мұғалімдердің көшбасшылық дағдыларын дамытуда қажеттіліктері мен сұраныстарын мониторингтік зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v78.i3.08Аннотация
Мақалада орта мектеп мұғалімдерінің көшбасшылық қабілеттерін дамыту мен көшбасшылыққа дайындалу қажеттіліктері мен талаптарын мониторингтік зерттеу нәтижелері ұсынылған.
«Педагог-көшбасшыны» қалыптастыру мәселесі азаматтардың жергілікті демократияға араласуының өсуіне, өз білімінің таралуы мен олардың қала тұрғындарына әсер етуде шешуші рөл атқаратын мектеп мұғалімдерінің жұмыс ерекшеліктеріне байланысты өзектілікке ие болуда. Мұғалімдер – қуатты әлеуметтік күш. Қазіргі уақытта мұғалімнің тек оқыту пәні бойынша терең білімді көрсетуі жеткіліксіз. Білім беру мекемелерінің ең маңызды міндеті – өз өмірін, басқа адамдардың өмірін, олардың жергілікті және ауылдық қауымдастықтарын өзгертуде конструктивті белсенді азаматтарды тәрбиелеу. Алайда, ресми және бейресми оқыту мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламаларында мектеп, аймақ, қоғам деңгейінде тиімді көшбасшылық құзыреттіліктерін алуға бағытталған білім беру компоненттері жоқ. Зерттеу барысында қазақстандық мұғалімдердің мектептерді, колледждер мен университеттерді азаматтық қоғамды дамытуға қоғамның қатысуы үшін азаматтық, мәдени және әлеуметтік ресурстық орталықтарға айналдыру, әлеуметтік маңызды іс-әрекеттерді ынталандыру үшін меңгеру қажет деп есептейтін көшбасшылық дағдыларға қажеттіліктері анықталды. Сондай-ақ бұл жұмыста «Мұғалімдерге көшбасшылық» және «Мұғалім-көшбасшы» ұғымы нақтыланған.
Зерттеу нәтижелерін мұғалімдердің көшбасшылық дағдыларын дамытуға, мұғалімдер- көшбасшылар когортын қалыптастыруға арналған бейресми оқыту бағдарламаларын құруға қолдануға болады. Оқытудың анықталған және ұсынылған тақырыптарын мұғалімдерді даярлау орталықтары пайдалана алады. Зерттеу нәтижелерін педагогикалық ұжымдардың психологиялық іскерлік консультациясы, стресстік және қақтығыстық жағдайлардың психокоррекциясы мен психотерапиясы тәжірибесінде қолдануға болады.
Түйін сөздер: мұғалім-көшбасшы, көшбасшылық, көшбасшылық дағдылар, орта мектеп мұғалімдері.