Инсульттен кейін тұлғалардың сөйлеу тілін оңалтуда еңбек терапиясының элементтерін қолдану

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v78.i3.02
        103 180

Аннотация

Мақала инсульттен кейін тұлғаларды оңалту мәселесіне арналған. Зерттеудің мақсаты инсульттен кейін тұлғалардың сөйлеу тілін оңалтуда еңбек терапиясының элементтерін қолдану болды. Зерттеушілердің жұмыстарын ескере отырып, авторлар инсультті көп жағдайда адамның әлеуметтік оқшаулануына алып келетін қимыл-қозғалыс бұзылыстарымен ғана емес, сонымен бірге сөйлеу тілі бұзылыстарымен шарттанған науқастардың мүгедектігінің негізгі себебі болып табылатын, біздің қоғамда шешуді қажет ететін медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде қарастырады.

Мақалада инсульттен кейінгі кезеңде тұлғаларды кешенді оңалтудың негізгі элементінің бірі ретінде сөйлеу тілін қалпына келтіру мәселелері көрсетілген. Авторлар инсульттен кейінгі кезеңде тұлғалармен өздерінің тәжірибелік әрекеттері негізінде инсульттен кейін сөйлеу тілінің жоғалуы немесе оның дефектілері барынша көрінетіндігін нақты және кезең-кезеңімен көрсетеді.

Авторлар инсульттен кейінгі кезеңде еңбек терапиясының элементі арқылы сөйлеу тілін қалпына келтіру мәселелерін ұсынады. Авторлардың пікірі бойынша, еңбек терапиясының элементтерін қолданудың эксперименталды жұмысы барысында «мәжбүрлі» түрде қарым- қатынасқа түсуге, жүйке процестерін жаттықтыруға, мидағы әртүрлі жүйелердің дұрыс өзара әрекеттесуіне, коммуникативтік іс-әрекетке деген мотивацияға, бастысы сөйлеу тілінің қалпына келуіне алып келеді. Мақалада бірінші рет Қазақстанда инсульт алған қазақ тілді тұлғалардың сөйлеу тілі мәселесін, яғни инсультке дейін сөйлеген сол тілдің ерекшеліктерін ескере отырып шешу тәжірибесі сипатталған. Авторлармен инсульттен кейінгі кезеңдегі тұлғалардың сөйлеу тілін қалпына келтіруде еңбек терапиясының элементтерін қолдану бойынша жұмыс кезектілігі көрсетілген, жұмыстың оң нәтижелері алынған.

Зерттеу нәтижелерін логопедтер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер тәжірибеде қолдануына болады. Зерттеу нәтижелері инсульттен кейін оңалту тәжірибесінде қолданылуы мүмкін.

Түйін сөздер: инсульттен кейінгі кезең, сөйлеу бұзылыстары, сөйлеу тілін оңалту, еңбек терапиясының элементтері, тексеру, қалыптастыру, қорытынды.

Жүктелулер

Как цитировать

Baichinov, R. T., Kumarzhanova, K. S., & Kokkozeva, K. S. (2021). Инсульттен кейін тұлғалардың сөйлеу тілін оңалтуда еңбек терапиясының элементтерін қолдану. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 78(3), 16–31. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v78.i3.02