Орта жастағы адамдардың әлеуметтік желілерге тәуелділігінің психологиялық аспектілері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v77.i2.05
        195 476

Аннотация

Бұл мақала орта жастағы адамдардың әлеуметтік желілерге тәуелділік деңгейін зерттеу мәселесіне арналған. Зерттеу мақсаты әлеуметтік желілерге тәуелділіктің психологиялық аспектілерін зерттеу болды. Әлеуметтік желілерге тәуелділік пен стресс, мазасыздық компоненттерін зерттеу бірінші орынға қойылды. Респонденттер Нұр-Сұлтан қаласының 30-49 жас аралығындағы орта жастағы адамдары болды, оның 33-і әйел, 27-і ер адам (N=50). Зерттеу бөлімін жүргізу барысында әлеуметтік желілерге тәуелділік деңгейі «Интернетке тәуелділік деңгейін анықтау» тесті, мазасыздық деңгейі «Мазасыздық шкаласы», стресс деңгейі «Стресс жағдайының диагностикасы» әдістемелері арқылы анықталды. Әдістемелерді респонденттер онлайн түрде сілтеме арқылы алып, орындады. Әдістемелерден басқа “Қай әлеуметтік желіде көбірек уақыт өткізесіз?” деген  сұрақ  қойылды:  38,2%-ы  Whats  App,  31,8%-ы  Facebook деп жауап берді. Әлеуметтік желілерге тәуелділік деңгейін анықтау бойынша: 66% адамда тәуелділіктің жоғары, 22%-ында орташа, ал 12%-ында төмен деңгейлері анықталды. Сонымен қатар, интернетке тәуелділігі жоғары адамдардың (33 адам) тұлғалық мазасыздық пен стресстің жоғары деңгейі басым екендігі анықталды. Кейбір адамдар үшін әлеуметтік желілерді пайдалану олар айналысатын ең маңызды қызмет түріне айналып келе жатыр. Әлеуметтік желілерге психологиялық немесе мінез-құлықтық тәуелділік ұзақ уақыт бойы өмірдің әртүрлі салаларында функцияларының айтарлықтай нашарлауына алып келуі мүмкін. Сондықтан, өткізілген эксперименттік жұмыста ұсынылған нәтижелерді өз жұмысында психологтар қолдана алады.

Түйін сөздер: интернет, әлеуметтік желілер, интернетке тәуелділік, мазасыздық, стресс.

Жүктелулер

Как цитировать

Kurmashova, A. S. (2021). Орта жастағы адамдардың әлеуметтік желілерге тәуелділігінің психологиялық аспектілері. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 77(2), 38–47. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v77.i2.05