«Undergraduate Stress Questionnaire» сауалнамасын бейімдеу тәжірибесі

Авторлар

  • M. M. Umurkulova Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан, Қарағанды қ.
  • R. Sh. Sabirova Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан, Қарағанды қ.
  • L. S. Kasymova Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университеті, Қазақстан, Қарағанды қ.
  • M. V. Mun Тұран университеті, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.01
        157 360

Аннотация

Бұл мақалада «Undergraduate Stress Questionnaire (USQ)» сауалнамасын орыс тілінде сөйлейтін қазақстандық студенттер үшін бейімдеу процесі сипатталған. Сауалнама академиялық стресстің әртүрлі параметрлерін зерттеуге бағытталған және студенттердің оқу үдерісімен де, сабақтан тыс 

өмірімен де байланысты стресстік оқиғаларды сипаттайды. Университетті сәтті оқып, ойдағыдай бітіру студенттің көптеген кәсіби және жеке құзыреттіліктеріне байланысты және олар үшін академиялық стрессті жеңу ерекше маңызды. Зерттеудің мақсаты – аудару, мәдени бейімдеу және сауалнаманың бейімделген нұсқасының психометриялық қасиеттерін тексеру. Тесттің бастапқы нұсқасын әзірлеу барысында 146 студенттен қалыптасқан топ құрылды. Зерттеу нәтижелері сауалнаманың орыс тіліндегі нұсқасында жақсы психометриялық сипаттамалары бар екендігін анықтайды. α-Кронбахтың ішкі дәйектілік коэффициенті 0,929 жақын. Бейімделген сауалнама және конвергенттік жарамдылықты тексеру үшін қолданылған диагностикалық құралдар арасында статистикалық маңызды корреляция анықталды (корреляция коэффициенттері 0,438- ден 0,836-ға дейін). Сауалнаманың қайта тестілеу сенімділігінің қанағаттанарлық көрсеткіштері алынды (r = 0,889). Бұл мәліметтер түпнұсқа сауалнама авторлары алған нәтижелерге сәйкес келеді. «Студенттік стресс сауалнамасы» деп аталатын сауалнаманың орыс тіліндегі нұсқасы жақсы психометриялық сипаттамаларға ие және Қазақстан жағдайында академиялық стресстің сандық және сапалық сипаттамаларын зерттеу үшін қолдануға болады.

Түйін сөздер: сауалнама, бейімдеу, академиялық стресс, диагностика.

Жүктелулер

Как цитировать

Umurkulova, M. M., Sabirova, R. S., Kasymova, L. S., & Mun, M. V. (2021). «Undergraduate Stress Questionnaire» сауалнамасын бейімдеу тәжірибесі. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 76(1), 4–16. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.01