БКБ-тренингісінің танымдық процестер мен эмоционалды күйге әсерін зерттеу

Авторлар

  • A. E. Bektursynova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. S. Daukeshov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • A. M. Kustubaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-6575-6288
  • A. T. Kamzanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-7097-3460
  • M. K. Zholdasova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-8186-9650

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.04
        115 62

Аннотация

Биологиялық кері байланыс технологиясы бихивиаралды психотерапияның перспективті бағыттарының бірі болып табылады. Бұл әдіс клиникалық тәжірибеде психофизиологиялық бұзылуларды түзетуде және де танымдық қабілеттерді, күйзеліске төзімділікті арттыру бағытында, депрессиялық күйлерде және т.б. жағдайларда кеңінен қолданылады.

Мақалада жалпы биологиялық кері байланыс туралы және оның қолдану салалары жайлы сипатталған. Сондай-ақ, сау адамдарда зейінді жақсарту саласындағы зерттеулерге әдеби шолу және депрессиялық жағдайды түзетуге арналған зерттеулерге әдеби шолу жасалды. Жүргізілген зерттеулерге сәйкес ЭЭГ қолданумен жүзеге асатын биологиялық кері байланыс технологиясының көмегіне жүгіне отырып, сау адамдардың зейінін арттырудың негізгі әдістері бета-ырғақтарды (12-18 Гц) арттыруға және тета-ырғақтарды (4-7 Гц) төмендетуге арналған тренингтер, және де SMR тренинг (12-15 Гц) болып табылатыны анықталды. Сондай-ақ, бұл мақалада депрессиялық күй мәселесіне бағытталған биологиялық кері байланыс (БКБ) туралы әдебиеттерге шолу жасалды. Зерттеулер негізделе келе, биологиялық кері байланыс тренингтерінің көмегіне жүгіне отырып альфа-ырғақтарының жоғарылауы (8-12 Гц) мен ми жартышарының алдыңғы бөлігіндегі альфа асимметрия күйін ретке келтіру, депрессиялық күйді төмендетуде өз тиімділігін көрсетті деген тұжырымдама жасалды.

Түйін сөздер: биологиялық кері байланыс, зейін, депрессия.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-04-01

Как цитировать

Bektursynova, A. E., Daukeshov, A. S., Kustubaeva, A. M., Kamzanova, A. T., & Zholdasova, M. K. (2021). БКБ-тренингісінің танымдық процестер мен эмоционалды күйге әсерін зерттеу. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 76(1), 41–50. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v76.i1.04