Маскүнемдіктің әлеуметтік патологиялық аспектілері мінез-құлық формасы ретінде
Аннотация
Бұл мақала әлеуметтік өмірдің маңызды мәселесі маскүнемдіктің пайда болу себептері мен патологиялық ықпалдарын терең талдауға мүмкіндік беруге арналған. Маскүнемдікке алып келетін ішкі және сыртқы факторлардың әсерін зерттеу негізінде, әлеуметтік аурудың қоршаған орта мен салауатты өмір стилін өзгертуге ықпалын талдау маңызды болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – маскүнемдіктің әлеуметтік жекешелікке әсері мен тұтынушылықтың тәуелді формасына түсу деңгейін теориялық және эксперименттік негізде эффективті модельмен дәлелдеу. Қазақстанда статистикалық мәліметтерге сәйкес, тұтынушылықтың өсуінің көрінісі ретінде адам басына 12 литр көлемінде ішімдікті пайдалану деңгейі анықталып отыр. Ішімдікке шамадан тыс салынудың патологиялық ықпалдары – психикалық және соматикалық бұзылу, клиникалық ауру түрлері, физикалық қорғаныштың төмендеуі, неврологиялық-эмоциялық іс-әрекет бұзылыстарына тікелей әсер ететіндігі анық. Жас деңгейіне сәйкес ішімдікке салынушылардың көрсеткіші түрлі демографиялық өсім мен аймақтық орналасу ерекшеліктеріне сай өлшенеді. Маскүнемдікке салыну жыныстық ерекшеліктерге байланысты төмен немесе жоғарғы тұтынушылық мөлшерін айқындамайды. Бұл процесс ішімдік құрбандарының нақты есептік көрсеткішін белгілеуге мүмкіндік туғызбайды.
Зерттеу әдіснамасы статистикалық мәліметтер мен кейс талдау нәтижелері болып табылады.
Әдіснама негізінде маскүнемдікке салынушы халық құрамының әлеуметтік жағдайы мен жеке бас өмірінде туындайтын мәселелер толықтай анықталады. Бұл – өмір сүру жасының кемуі, әлеуметтік рөлден шет қалу, материалдық кірістің жойылуы, тұлғалық менін жоғалту, репродуктивті белсенділіктің төмендеуі немесе мүгедек ұрпақты өмірге әкелу, ауытқыған мінез-құлық формасына икемделу.
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері ішімдікке салынушылықтың патологиялық аспектілерін терең талдауға мүмкіндік беруі қажет. Қазақстан немесе шет елдегі маскүнемдікке салынушылықтың деңгейіне салыстырмалы талдау жасау негізінде, әлеуметтік аурудың пайда болуына ықпал етуші факторларды терең талдауға мүмкіндік туады.
Тақырып таңдаудың негізі, халық өсімінің төмендеуі мен өлім көрсеткішінің жоғарылауына әсер ететін тұлғалық бұзылудың формасы – маскүнемдіктің жыныстық ерекшеліктерге (ер, әйел) қарамастан тұтыну деңгейі болды. Тақырыптың өзектілігі маскүнемдік – қоғам үшін ұлттық қауіптің ауыр деңгейі. Зерттеу объектісі маскүнемдікке салынушы халық топтары болып табылады, зерттеу пәні – маскүнемдікке салынушы халық топтарымен реабилитациялық жұмыс жүргізудің механизмдерінің ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу мақсаты маскүнемдік әлеуметтік ғылымдардың зерттеу проблемасы нысанын құрайтындықтан, тәуелділіктің өсуіне итермелеуші стереотип фактісін нақты талдау. Маскүнемдік мінез-құлық көрінісі ретінде әлеуметтік жанжалдың ұйымдасқан жүйедегі рационалды шекарасын құрайды. Зерттеу әдісі контент анализ және статистикалық мәліметтерге шолу жасау негізінде жүргізілді. Осылайша зерттеу әлеуметтік ақпараттар және тәжірибелік біліммен, үйлестіруші құралдармен терең талданды.
Түйін сөздер: маскүнемдік, ішімдік, тәуелділік, халық топтары, жасерекшелік, патологиялық аспекті, девиантты мінез-құлық.