Аутизм синдромды балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері

Авторы

  • Г. О. Әбдікерова
  • Г. Е. Әмірбекова
        201 1451

Аннотация

Бұл мақала аутизм синдромына шалдыққан балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктеріне арналған. Қазіргі таңда мұндай диагноздағы балалар көптеп кездесіп жатыр, сондықтан да оны ерте кезден анықтау керек, ол үшін арнайы құрылғылар да бар, олар өздеріне дұрыс қызмет көрсетуге зәру. Тиімді әдістерді қолдану олардың емделуіне кететін уақытты да және кететін қаржыны да үштен бір бөлікке азайтады. Зерттеуші Конни Вонг тіпті кейбір әдістер алдыңғы қатарлы болып көрінгенімен олардың нақты қандай нәтиже беретінін білмейміз, сондықтан да әдіс таңдауда аса жауапты болу керек, – дейді. Авторлардың пікірінше, аутизм диагнозы сабырсыздық танытқан, өзін қызықты ұстайтын барлық адамдарға қойылуы мүмкіндігі туындап отыр, бұл дегеніміз басқа аурулардың белгілеріне мән берілмей адасуға алып келеді. Осыған байланысты басқа да топтағы симптомдардың бар екенін ұмытпау керек. Мұндай балаларға тән қасиеттің бірі олардың сөйлеу кемістігі, бұл олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі, яғни олардың қарым-қатынас жасау барысында ол нақты көрініс береді. Демек оларда қарым-қатынас жасау қызметінің бұзылуы негізгі көрсеткіш, сондықтан да осы тұрғыдан жұмыс жасау керек. Бұған логопед мамандары аса қажет.
Түйін сөздер: аутизм, аутизм синдромы, әдістер, диагноз, ерекшелік, жіктеу, сенсорлық интеграция.

Загрузки

Как цитировать

Әбдікерова, Г. О., & Әмірбекова, Г. Е. (2018). Аутизм синдромды балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері. Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии, 64(1), 72–78. извлечено от https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/831