Соқырлық әлеуметтік мәселе ретінде: зағип жандардың қоғамға интеграциялануы

Авторы

  • Д. Н. Нұран
        85 134

Аннотация

Барлық әлемде мүгедектер денсаулықтарындағы ауытқушылықтар мен өмірлік іс-әрекет шектелуінің салдарынан өздерін экономикалық, әлеуметтік, моральды және саяси аспектілерде теңсіздікті сезінетін тұрғындардың бір бөлігі болып табылады. Соның ішінде зағип жандардың да жағдайы – өте өзекті мәселе. Адам кеңістікте өздігінен қозғала алмай, біреудің көмегіне мұқтаж болады, адамның араласатын адамдар шеңбері тарылады, жалпы әлеуметтену процесіне кері ықпалын тигізеді. Салдары тек өзіне ғана емес, сонымен қатар оның отбасына және қоғамға да елеулі әсер етеді. Әсіресе, ауру немесе жарақаттан кейін көру қабілетінің жоғалуы өмір сүру салтында, әдеттерінде көптеген өзгерістерді тудырып, нәтижесінде психологиялық түзетулерге алып келеді.
Мақаланың мақсаты монографиялық дереккөздер мен ғылыми мақалаларды талдау арқылы зағип жандардың қоғамда бәрімен теңдей өмір сүруі үшін қажетті шаралар жиынтығын анықтау болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік технологиялар саласындағы мемлекеттің белсенді әлеуметтік саясаты зағиптардың санын азайту, зағиптар мен нашар көретіндерді қоғамға бейімдеудің және интеграциялаудың басты шарты болып табылады. Зағип жандарды қоғамға әлеуметтік интеграциялау барысында әлеуметтік оңалту шараларының орны ерекше. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін зағип жандарды қосымша тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ қоғамда мүгедектерге қол ұшын созу идеологиясын қалыптастыру қажет.

Түйін сөздер: соқырлық, мүгедектік, зағип жандар, оңалту, әлеуметтік интеграция.

Загрузки

Как цитировать

Нұран, Д. Н. (2017). Соқырлық әлеуметтік мәселе ретінде: зағип жандардың қоғамға интеграциялануы. Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии, 62(3). извлечено от https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/793