Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің еңбек жолын таңдау стратегияларының теориялық негіздері

Авторы

  • Азат Мешелова
  • Кенжакимова Гүлнар
        58 66

Аннотация

Қазіргі уақытта жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың бәсекелестікке сай болуы олардың мамандығының сұранысқа ие болуы, әлеуметтік-еңбек дағдысы, бейімделу мүмкіншілігі олардың еңбек қызметін ұйымдастыру сапасымен тікелей байланысты болады. Мақалада жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен балалар үйі жағдайында жұмыс әдістеріне қатысты отандық және шетелдік авторлардың еңбектері қарастырылады. Мақаланың мақсаты жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мамандықтар мен жұмысқа орналасу жайында қажетті ақпарат алуға жағдай жасайтын кәсіп жолын таңдау стратегияларын қалыптастыруға бағытталған жұмыстың ерекшеліктерін зерттеу. Мақала барысында балалар үйінің тәрбиеленушілері игеруі тиіс дағдылар туралы айтылады. Әлеуметтік диагностика мен жобалау әдістері қарастырылып, кәсіби кеңес беру маңыздылығы ескеріледі. Авторлар бұл әдістер мен технологияларды балалар үйі жағдайында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істеу барысында қолдануды ұсынады. Кәсіби стратегияларды қалыптастырудың келісілген жүйесі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыстың нәтижесінің артуына себепші бола алады. Авторлар ең бастысы бала өз болашағын жобалай білуі және өмірлік маңызы бар шешімдерді қабылдай білуі қажет деген қорытындыға келеді.

Түйін сөздер: кәсіп жолын таңдау, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, тәрбие, балалар үйлері, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жобалау, диагностика.

Загрузки

Как цитировать

Мешелова, А., & Гүлнар, К. (2017). Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің еңбек жолын таңдау стратегияларының теориялық негіздері. Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии, 61(2). извлечено от https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/756