Студенттік кезеңдегі денсаулық пен ауру арасындағы дәнекер ретіндегі стрестің ролі

Авторлар

  • С. Е. Дуанаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • С. К. Бердибаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. И. Гарбер Нидерланд қазіргі ғылымдар университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2019.v69.i2.024

Аңдатпа

Студенттердің денсаулығын сақтау мәселесі - қоғам мен Қазақстан мемлекетінің алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда 1 миллионнан астам студент оқиды. Соңғы жылдары Қазақстан студенттерінің денсаулығының мәселесі, студенттердің денсаулығының қалыптасуына жағымсыз әсер ететін климаттық, географиялық, экологиялық, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық факторлар - ғалымдар, дәрігерлер мен мұғалімдердің назарын аудартты. Студенттердің негізгі қызметі-білім алу. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде жоғары білім берудің дамуы ақпарат көлемінің жаһандық өсуімен, студенттердің жұмысын үнемі жандандырумен, жастарға жаңа физикалық, когнитивтік және психоэмоционалды жаңа талаптарға сай, жаңа құзыреттілікті талап ететін білім беру үдерісіне жаңа техникалық құралдарды енгізумен сипатталады. Мақаланың басында берілген студенттердің ауруы жағдайы жайында есептер осыған нақты дәлел. Студенттердің денсаулығының жай-күйі туралы осы есептер, тікелей немесе жанама түрде студенттерге қойылатын талаптардың ұлғаюы, соматикалық аурулардың пайызының қатты өскендігін көрсетеді. Қазіргі кезде студенттерге емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастырудың тиімді формаларын іздестіру және дамыту өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Дегенмен, денсаулық сақтау жүйесі студенттердің психологиялық құрамдас бөлігін ескерместен, студенттердің денсаулығына тиімді әсер ете алмайды.

Бұл тұрғыда ДДҰ стрессті XXI ғасырда адам денсаулығына ең үлкен қауіптің бірі деп санайды. Кейде «улы» деп аталатын созылмалы стресс қазіргі заманғы нейроэндокринологиялық зерттеулеріне сәйкес, ағзаның қабыну процестерін тудыруда басты рөл атқарады. Біздің мақаладағы Г. Шредердің тұжырымдамасына негізделе отырып, біз стресті - адамның ойлау және іс-әрекет нормалары (денсаулық күйі) және стрессті жеңу стратегиясы (аурудың күйі) арасындағы дәнекер ретінде қарастырамыз, себебі стресс көптеген психосоматикалық аурулар себебі ретінде көрінеді. Сондықтан стресстің денсаулық мен аурудың арасында дәнекер ретінде рөлін ескере отырып, денсаулықты сақтау мен психологиялық кеңес беру және психотерапия деңгейінде, болашақ ұрпақтардың денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін теориялық және практикалық базаны құру студенттердің денсаулығын сақтау үшін мәселенің шешімі болып табылады.

 Осылайша, студенттің денсаулығының проблемасы көп қырлы және көп өлшемді болып табылады және денсаулық сақтау жүйесі тек медицина тұрғысынан шешіле алмайды. Ол ғылыми білімнің жаңа саласы - «стресс-медицина» көзқарасы тұрғысынан алғанда кешенділікті қажет етеді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында стресменеджент бойынша психопрофилактикалық кешенді бағдарламалары әзірше әзірленбеген және оны дамытып, енгізе алатын клиникалық психологтардың саны әлі де аз.

Түйін сөздер: стресс, ауру, студенттер денсаулығы, психопрофилактика, стрессменеджмент.

Автор өмірбаяндары

  • С. Е. Дуанаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының докторанты

  • С. К. Бердибаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Психология ғылымдарының докторы,  жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры

  • А. И. Гарбер, Нидерланд қазіргі ғылымдар университеті

    Euregio University College­дегі психология ғылымдарының PhD докторы, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2019-11-03

Журналдың саны

Бөлім

Шетелдік әріптестердің мақалалары