Төтенше жағдайлар классификациясы: сипаттық ерекшеліктері, пайда болу факторлары мен әлеуметтік салдарлары

Авторлар

  • A. T. Omarova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
        147 809

Кілттік сөздер:

төтенше жағдайлар, табиғи апаттар, қауіп, антропогенді, табиғи, қатер.

Аннотация

Тарихтың белгілі бір кезеңдерінде адамзат қауымдастығы апат, катастрофа, жұтау, катаклизма, төтенше жағдай сияқты негативті факторлардың әсерін басынан өткерді және өткеріп келеді. Бір қарағанда, бұл сөздер болып жатқан процестерді бірдей сипаттайтын сияқты, бірақ шынайылығында олардың мәніне назар аударсақ, бұл олай емес. Төтенше жағдайлар мәселесі мен қауіпсіздік жүйесінде азаматтық қорғауды ғылыми талдау оның теориялық-әдістемелік негізін зерттеу мен қалыптастырудан басталуы қажет, ол өзіне жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық және арнайы білімдерді қамтиды. Экстремалдылық теориясының, тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және азаматтық қорғаудың теориялық-әдістемелік мәселелерін кешенді дұрыс шешу жағдайында ғана төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарын жоюдағы нақты ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер қабылданады. Осы аталған ғылыми проблематикасын зерттеуді қажет ететін мәселелер шеңбері көп қырлы экстремалды құбылыстар мен процестерді зерттеуді қамтиды, олардың бір көрінісі ретінде әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайлар қатысады. Авторлардың берген анықтамасы бойынша төтенше жағдай – бұл белгілі бір аймақтағы халықтың өмір сүруіне қауіп төндіретін табиғи құбылыстар, катастрофалар, стихиялық немесе басқаша түрде болатын апаттар арқылы халықты материалдық шығындарға ұшырататын, олардың денсаулықтарына залал келтіретін, адам құрбандығына алып келетін жағдайлардың орын алуы. Бұл түсінікті толық сипаттау және басқа да ұғымдардан айырмашылығын анықтау, әлеуметтік қорғаумен байланысын айқындау үшін бұл түсінікті жан- жақты қарастыру қажет. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып төтенше жағдайлардың табиғи және әлеуметтік сипатын, олардың пайда болу себептерін және адамзат тіршілігіне әсерін зерттеу болып табылады. Сонымен бірге, Қазақстан территориясында орын алатын табиғи, антропогенді және социогенді факторлардың негізінде пайда болатын төтенше жағдайлардың толық және жиынтықты түрлеріне классификация жасалынып, эстремалды жағдайдың көлемі, түрлері және өту барысын сипаттайтын құбылыстардың барлық жиынтықтарының жалпы және ерекше сипаттамалары жан-жақты қарастырылған.

Библиографиялық сілтемелер

1. Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» заңы, 2014 жыл, 11 сәуір, №188-V
2. Общая социология / под ред. проф. А.Г. Эфендиева. – М.: Инфра-М, 2000. – С. 523.
3. Лосик Т. Поведение человека в экстремальных ситуациях. // ОБЖ. 2000. – №11. – С. 55.
4. Порфирьев, Б.Н. Государственное управление в чрезвычайных ситуациях. – М.: Наука, 1991. – 135 с.
5. Зубков В.И. Социологическая теория риска. – М.: РУДН, 2003. – С. 65.
6. Карако П.С. Проблема критериев и типологии экстремальных ситуаций во взаимоотношениях общества и природы
// Вес. Беларус. дзярж. ун-та. Сер. 3, Гiсторыя. Фiласофiя.Палiталогiя. Сацыялогiя. Эканомiка. Права. – 1993. – № 2. – C.  25–
28.
7. Бабосов Е. М. Социальные последствия Чернобыльской катастрофы, пути их преодоления – Минск: БТН-информ,
2001. 220 с.
8. Украинец А.А., Поташкин А.А. Чрезвычайные ситуации и безопасность: Экстремологический и социологический
анализ. Монография. – ГГТУ им. П.О. Сухого, 2007. – 209 с.
9. UNISDR (2004b) ‘Terminology: basic terms of disaster risk reduction’. http://www.unisdr.org/files/7817_7819isdrtermino
logy11.pdf(accessed on 5 September 2015).
10. Khan H., Vasilescu L.G., Khan A. (2008) ‘Disaster management cycle: a theoretical approach’. Managementand Marketing.
6(1). pp. 43–50.
11. Губанов В.М., Михайлов Л.А., Соломин В.П. Чрезвычайные ситуации социального характера и защита от них. – М.:
Дрофа, 2007. – С. 57.
References
1. Қazaқstan Respublikasynyң «Azamattyқ қorғau turaly» zaңy, 2014 zhyl, 11 sәuіr, №188-V
2. Obshhaja sociologija/ Pod red. prof. A.G. Jefendieva. – M.: Infra-M, 2000. – S. 523.
3. Losik T. Povedenie cheloveka v jekstremal’nyh situacijah. // OBZh. 2000. – №11. – S. 55.
4. Porfir’ev, B.N. Gosudarstvennoe upravlenie v chrezvychajnyhsituacijah. – M.: Nauka, 1991. – 135 s.
5. Zubkov V.I. Sociologicheskaja teorija riska. – M.: RUDN, 2003. – S. 65.
6. Karako P.S. Problema kriteriev i tipologii jekstremal’nyh situacij vo vzaimootnoshenijah obshhestva i prirody // Ves. Belarus.
dzjarzh. un-ta. Ser. 3, Gistoryja. Filasofija.Palitalogija. Sacyjalogija. Jekanomika. Prava. – 1993. – № 2. – C. 25–28.
7. Babosov E. M. Social’nye posledstvija Chernobyl’skoj katastrofy, puti ih preodolenija – Minsk: BTN-inform, 2001. 220 s.
8. Ukrainec A.A., Potashkin A.A. Chrezvychajnye situacii i bezopasnost’: Jekstremologicheskij i sociologicheskij analiz.
Monografija. – GGTU im. P.O. Suhogo, 2007. – 209 s.
9. UNISDR (2004b) ‘Terminology: basic terms of disaster risk reduction’. http://www.unisdr.org/files/7817_7819isdrtermino
logy11.pdf(accessed on 5 September 2015).
10. Khan H., Vasilescu L.G., Khan A. (2008) ‘Disaster management cycle: a theoretical approach’. Managementand Marketing.
6(1). pp. 43–50.
11. Gubanov V.M., Mihajlov L.A., Solomin V.P. Chrezvychajnye situacii social’nogo haraktera i zashhita ot nih. – M.: Drofa;
2007. – S. 57.

Жүктелулер

Как цитировать

Omarova, A. T. (2017). Төтенше жағдайлар классификациясы: сипаттық ерекшеліктері, пайда болу факторлары мен әлеуметтік салдарлары. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 58(3). вилучено із https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/663