Этникалық мигранттардың (репатрианттар) қазақстандық қоғам құрылымының әлеуметтік-мәдени ортасындағы жаңа маргиналды топ ретінде әлеуметтік бейімделуінің ерекшеліктері
Кілт сөздер:
әлеуметтік бейімделу, репатрианттар, оралмандар.Аңдатпа
Зерттеу мәселесінің өзектілігі қазақ ұлтының тарихи отанына қайта
оралуы Қазақстан қоғамының демографиялық құрамы мен әлеуметтік
құрылымына әсерімен анықталады. Әлеуметтік бейімделу процесінің
деңгейі, біріншіден, елден шығатын мотивтеріне, себептеріне, көшуіші
орындағы жергілікті халықтық қарым-қатынас деңгейіне және оралманның
өз ықыласына байланысты. Тарихи отанына қайта оралуда барлық өмір сүру
саласындағы өмір салттары өзгеріске түсуі мүмкін. Жаңа жерге оралған кезде
әлеуметтік шынайылықтың ішкі және сыртқы жағдайларына қиын әсер етеді.
Бұл оралғаннан кейін болатын материалдық, мәдени, психологиялық, кәсіби
қиындықтарды бастан өткізіп, өмір салтының түбегейлі өзгерісіне алып
келеді. Бұның барлығы кешендік бағыттың көзқарастарына сәйкес, заманауи
Қазақстан қоғамына оралман ұлттардың әлеуметтік бейімделу процесін
мақсатты түрде зерттеуді талап етеді.
Зерттеу нысаны этникалық оралмандар Қазақстан қоғамының
құрылымындағы жаңа маргиналды топ ретінде және жаңа әлеуметтік-мәдени
ортаға ену жетістігі мен деңгейін өлшеу индикаторын анықтау болып табылады,
пәні – этникалық оралмандардың бейімделуі. Әлеуметтік бейімделу деңгейі
отбасының экономикалық жағдайын бағалау, материалдық жағдайын бағалау,
жергілікті халықпен қарым-қатынасы секілді параметрлерімен өлшенді.
Осыған сәйкес, тарихи отанға қайтып келген этникалық оралмандардың
барлық деңгейін қарастыру қажеттілігі туындады – мотивтердің қалыптасу
деңгейі, оралмандардың жаңа жерге бейімделу процесі, сонымен қатар
Қазақстан қоғамындағы өзін-өзі тану процесі. Зерттеудің әлеуметтанулық
әдістері отандастарымыздың қайтып оралу себептерін зерттеуде көшіп
келулеріне әсер етуші негізгі мотивтері мен факторларын түсінуге көмектеседі.
Қазақ ұлтының тарихи отанына қайта оралуының мотивациялық құрылымын
есепке алу Қазақстанға көшіп келуші оралмандар санының өсуіне септігін
тигізеді.









