Жүктілікті уaйымдaу ерекшеліктерін зерттеу тәжірибесі: психологиялық сүйемелдеудің қaжеттілігі

Авторлар

  • R. Sh. Sabirova Кaрaгaндинский госудaрственный университет имени aкaдемикa Е.A. Букетовa, Республика Кaзaхстaн, г. Кaрaгaнда

Кілт сөздер:

жүктілік, перинатальды психология, жүктілікке қатынас тесті, гестационды доминанттар тесті, психологиялық компонент.

Аңдатпа

Аталған ғылыми мақала әйелдердің өз жүктіліктеріне қатынасын, жүктілікті уайымдаудың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Зерттеу мақсаты жүктіліктің қатынас тестін жүкті әйелдерде қоланудағы гестационды доминанттарының психологиялық компоненттерінің ерекшеліктерін зерттеу (ЖҚТ). Зерттеу негізінде әйелдердің өзіндік жүктілік фактісіне эмоциональды қатынасын, «ана-бала» диадасындағы өзара қарым-қатынасты көрсететін, сондай-ақ отбасында бала тәрбиелеуде қандайда бір стилді таңдау қабілеттілігін көрсететін психологиялық ерекшеліктерін зерттеу қажеттілігі жатыр.
Аталған зерттеу барысында психологиялық диагностикалау құралы ретінде ЖҚТ әдісін қолдануда ГДПК типінен зерттелуші әйелдердің 45%-да ауытқулар байқалады, оның себебі жүктілік кезеңіндегі, босану барысындағы және босанудан кейінгі асқынулардың болуы мүмкін. Осы топтағы әйелдердің жағдайында жүктіліктің өту барысында созылмалы сырқаттардың асқынуы соматикалық жағдайларына байланысты бақылау қажет. Оларға жүктілікке психологиялық сүйемелдеу жасалған және диагностикалау нәтижесін ескере отырып босануға психологиялық дайындық бағдарламасы жасалған. Сондай-ақ әлеуметті жағдай және жақындарымен қарым-қатынас жүктілік барысының ағымына және босануға дайындыққа әсер етеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2016-06-24

Журналдың саны

Бөлім

Psychology