Тұлға ауытқуларының суицидологиялық аспектілері: НЛБ техникалары көмегімен алдын алу

Авторлар

  • G. Kassen Казахский национальный университет им. аль-Фараби
  • P. Abdullaeva Казахский национальный университет им. аль-Фараби

Кілт сөздер:

нейро-лингвистикалық бағдарлау, субмодальдылық, компульсивтік мінез-құлық, суицидалдық.

Аңдатпа

Мақалада НЛБ стратегияларының үлгілері негізінде НЛБ-кеңес берудің техникалары ұсынылған. НЛБ стратегияларының үлгісі адам өмірінде патологиялық (ауытқушылық) күй мен ақаулар туғызатын стратегияларды сипаттайды, сонымен қатар оларды жою тәсілдерін және оған қажетті дағдылар мен біліктерді көрсетеді. Мақалада НЛБ-да адамның тұлғалық ақауларын өзгерту идеясы – олардың өмірлік стратегиясын өзгерту үдерісі екендігі анық көрсетіледі. «Жаңа стратегия құру», «Субмодальдылықты өзгерту», «Физиологиялық контексті өзгерту» және «Тапсырмаларды қолдану» сияқты техникалар толық сипатталады. Авторлар тұлға бойындағы жеке мәселелерін шешуде НЛБ техникаларының мақсаты адам бойындағы үрей, қорқыныш, агрессия, паранойя сезімдерінің деңгейінің төмендеуін негіздейді. Бұл өз кезегінде кеңес алушы тұлғаның бойында суицидалдық аспектісін жоюға әсер етеді. Авторлар шетелдік ғалымдардың зерттеулерін талдау барысында НЛБ  техникаларының  әсері клиенттерді өз өміріне жауапкершілікпен қарауға және тиісді өмірлік дағдыларға ие болуға көмектеседі. Мақала мектеп психологтарына, психотерапия және НЛБ мамандарына, сонымен қатар тұлға дамуы мен үйлесімділігі, мінез-құлықты өзгертудің заманауи әдістерін зерттейтін барлық тұлғаларға арналған.

Жүктеулер

Жарияланды

2014-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Psychology