Студент-психологтардың оқу-кəсіби бағыттылығының субъективті бейнесін эмпирикалық зерттеу
Кілт сөздер:
болашақ психологтардың оқу-кəсіби бағыттылығының субъективті бейнесі, оқу-кəсіби бағыттылықтың мазмұнды жəне эмоциялық критерилері, оқу іс-əрекеті.Аңдатпа
Бұл мақалада студенттерді өзін-өзі өзектендіруге, кəсіптегі өз орнын табуға итермелейтін мағына құраушы мотивтер иерархиясының тұрақты жиынтығы ретінде қарастыратын болашақ психологтардың оқу-кəсіби бағыттылығының субъективті бейнесін эмпирикалық зерттеу берілген. Студент-психологтардың оқу-кəсіби бағыттылығының психологиялық механизмдері кəсіби маңызды сапаны анықтайтын мотивтердің, құндылықтардың, тұлғалық мағыналар мен қабілеттердің күрделі көп деңгейлі құрылымы болып табылады. Жүргізілген зерттеу көрсеткендей, оқытудың бастапқы курстарындағы студенттердің оқу-кəсіби іс-əрекетінің бастамасында тұлғалық жəне кəсіби өзіндік саналауы үшін «психология» мамандығы бойынша оқытудың қалыптаспаған бағыттылығын байқауға болады, ол кəсіби даму тілегі мен қажеттілігімен байланысты білім беру процесінің коммуникативті құраушысына бағытталған. Оқыту курсы неғұрлым жоғарылаған сайын студенттер оқу-кəсіби іс-əрекетінің барысында кəсіби бағдардың нақты субъективті образы қалыптасады.









