Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы: әлеуметтік аспектісі

Авторлар

  • K. Yusupov Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • M. Sadyrova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
        71 50

Кілттік сөздер:

инновация, инновациялық қызмет, Қазақстанның инновациалық потенциалы, индустриалдық-инновацалық даму.

Аннотация

Ұлттық экономиканы дамыту стратегиясының түрлі тәжірибелері бізге мәлім. Қазақстанда негізгі күш табиғи қазба байлықтарын интенсивті игеруге негізделген. Мұндай бағыттың Қазақстан үшін келешекте тек қана пайдалы қазбалардан, яғни шикізаттардан ғана пайда табу қауіпті. Себебі ертелі-кеш табиғи ресурстар сарқылады. Қазіргі жағдайда экономикасы ғылыми-техникалық прогрестен түсетін пайдаға негізделген немесе бағытталған елдердің мүмкіндіктері мен болашағы зор. Сондықтан да шикізатты дамыту стратегиясы біртіндеп ұлттық экономиканың инновациялық типіне өту стратегиясымен толықтырылуы қажет. Ол үшін Қазақстанда мүмкіндіктер жеткілікті дәрежеде. Атап айтқанда: ірі өндірістік және инновациялық әлеует; жоғары білімді тұрғындар қабаты; сыртқы ақпараттар мен капитал көздеріне қол жеткіліктілігі. Соған байланысты еліміздегі индустриалды-инновациялық стратегияның жүзеге асу барысын эксперттік тұрғыда талдау жүргізіліп, нақты ұсыныстар жасылынды.

Мақалада индустриалдық және индустриалды-инновациялық дамудың нақты түрде ерекшеліктерін ажы- ратып алу керектігіне баса назар аударылады. Егер алғашқысы экономикалық жүйенің кәсіптік және өндірістік негіздерін қалыптастыру процесін білдірсе, екіншісі сол қалыптасқан өндірістік-кәсіптік негізін жетілдіру, оны жаңа жағдайларға байланысты қайта құрылымдау дегенді білдіреді.

Мақалада барлығы 33 сараптама сұралып, яғни 25 анкеталық сауалнама жүргізіліп, 8 адаммен жеке сұхбаттастық негізінде алынған зерттеу қорытындысынан алынған мәліметтер негізінде жазылды. Сарапшылардың елдің әлеуметтік және экономикалық өмірінің түрлі секторларында инновацияларды енгізу дәрежесін қалай бағалап отырғаны қарастырылды. Сауалнама нәтижелері көрсетіп отырғанындай, инновацияларды енгізу қарқыны сарапшылардың көзқарасы бойынша қанағаттанарлықсыз деңгейде қалып отыр. Жоғары білім, мемлекеттік басқару мен шағын кәсіпкерлік салаларында инновацияларды енгізу бәрінен де баяу жүруде.

Мақалада инновациялық процестегі негізгі төмендегі кемшіліктер көрсетіледі: жоғары кәсіби білікті техникалық кадрлардың тапшылығы; ғылым, технологиялар мен инновациялар саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы кезеңділіктің ретсіздігі; кәсіпорындардың бастапқы технологиялық және басқарушылық деңгейінің төмендігі; ұлттық инновациялық жүйенің ұлттық, аймақтық және салалық деңгейлерін реттейтін жүйенің болмауы.

Библиографиялық сілтемелер

1. Инновационная деятельность в Республике Казахстан: состояние и проблемы развития. Аналитический обзор. – Алма- ты, 2002. С. 36.
2. Алимжанов Б. От параллелей – к реальной инновационной модели // История Суверенного Казахстана: 20 лет Независимости. – Алматы, 2011. – С. 73.

Жүктелулер

Как цитировать

Yusupov, K., & Sadyrova, M. (2013). Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы: әлеуметтік аспектісі. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 47(4). вилучено із https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/326