Алматы және Лондон қаласы тұрғындарының когнитивтік картасын кросс-мәдени талдау

Авторлар

  • D. G. Naurzalina Актюбинский Региональный Государственный Университет им. К. Жубанова, Казахстан, г. Актобе Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • O. Kh. Aymaganbetova Актюбинский Региональный Государственный Университет им. К. Жубанова, Казахстан, г. Актобе Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • A. A. Karabalina Актюбинский Региональный Государственный Университет им. К. Жубанова, Казахстан, г. Актобе Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • M. K. Zholdassova Актюбинский Региональный Государственный Университет им. К. Жубанова, Казахстан, г. Актобе Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Кілт сөздер:

когнитивтік карта, кеңістіктік түсінік, қала бейнесі, кеңістікті қабылдау.

Аңдатпа

Қала бейнесінің құрылымы барлық уақытта иерархиялық болып келеді. Қалалық ортаның нысандарын қабылдау уақыт бойынша қала туралы ақпаратты (оның тарихи өткенін, басым құндылықтарын және т.б.) оның айналасына негізгі түйінді ұйымдастыра отырып, біртіндеп есепке алады. Сонымен бірге мұндай түйін индивид үшін біршама мәнді, максималды ықпалды меңгерген қалалық ортаның нысаны болып табылады. Қала туралы басқа да барлық ақпараттар кеңістіктік немесе әлеуметтік сипатта болмаса да жүйе құраушы түйін негізінде қалыптасады. Әлеуметтік-шартты құндылықтық бағдар және бір уақыттағы рецепиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру нысаны негізгі нысандар болып табылады. Қала бейнесі басқалардан басым сипаттағы (көбінесе көлемді-кеңістіктік) қалалық ортаның нысандарын иемденеді. Соңғы жылдары психологияда және басқа аралас ғылымдарда адамдардың кеңістіктік түсініктерін зерттеуге қызығушылық артуда. Мұндай қызығушылықтар кездейсоқ емес: көптеген зерттеушілер табиғи мақсатқа бағытталған іс-әрекет контексінде, экологиялық әдеттегі жағдайда танымдық процестерді талдау қажеттілігі туралы қорытындыға келеді. Кеңістіктік түсініктер белсенділіктің біршама анықталған түрі ортадағы локомация арқылы ортамен байланысты адамның ішкі әлемінің феномені болып табылады. Қоршаған кеңістік туралы субъективті түсінікті көп жағдайда когнитивтік карта деп атайды. Көптеген зерттеушілердің пікірлері бойынша, когнитивтік картаға кеңістіктік көріністерді қабылдауға, сақтауға және қайта құруға едәуір әсер ететін естің біршама ерте және берік компоненттері жатады. У. Найссер когнитивтік карта біздің қиялымызды қадағалайды деп айтты. Бұл мақаланың міндеті – соңғы жылдары жүргізілген адамдардың кеңістіктік түсініктерін зерттеу нәтижелерін қарастыру. Бұл зерттеудің қорытындысы аймақтың топографиялық картасымен сәйкес келетін заңдылықтың шегін көрсету мүмкіндігі болып табылады. Кеңестік психология кеңістіктік бағдар, кеңістіктік навигация сияқты негізгі күрделі түсініктердің нақты дефинициясының жоқ болуымен ерекшеленеді. Ал батыстық когнитивтік психологияда шынайы кеңістікті қабылдауды сипаттайтын үш негізгі түсінік бар: когнитивтік карта (cognitive map); кеңістіктік навигация және бағдар.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Psychology